Соңғы жаңалықтар

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » 44 градус ыстық болады: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

44 градус ыстық болады: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды


Фото: istockphoto.com / EyeEm Mobile GmbH
«Қазгидромет» РМК алдағы бірнеше күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр, найзағай күтіледі. 16 шілдеде батыста, солтүстікте, 17 шілдеде солтүстік-батыста және солтүстікте қатты жаңбыр, бұршақ, дауылды жел болжанады. Тек елдің оңтүстігінде жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, ал солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі.
«Күндіз 16-17 шілдеде республиканың оңтүстік-батысында өте қатты ыстық – 39-44°С, 17 шілдеде орталықтың жекелеген аудандарында 40°С дейінгі өте қатты ыстық болжанады. Оңтүстікте 40-44°С, оңтүстік-шығыста 40-42°С, солтүстік өңірлерде 30-35°С, ал шығыста 35-38°С қатты ыстық күтіледі», – делінген синоптиктер болжамында.
14 шілде 2025 ж. 356 0