№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тамақтан уланулардың алдын алу

Тамақтан уланулардың алдын алу


Тамақтан улану, сондай-ақ ішек инфекциясының топтық аурулары әлі де тұрғындар үшін айтарлықтай қауіп төндіреді, оның себептеріне санитариялық талаптар мен жеке гигиена ережелерін сақтамау; сондай-ақ тамаққа улы микробтық немесе микробтық емес заттарды тұтыну; дайындау, сақтау және шығу орны белгісіз, мерзімі өткен өнімдерді сатып алу болып табылады.

"Халықаралық балаларды қорғау күні", мектепті бітіру кештері сияқты мерекелік іс-шаралар қарсаңында жаппай мерекелер, оның ішінде көшпелі сауданы ұйымдастыру жоспарлануда. Санитариялық ережелердің талаптарын бұзған және сақтамаған жағдайда тамақтан улану қаупі туындайды.
Тамақ токсикоинфекциясы (ТТИ) – бұл ауру адамның өз бактерияларынан емес, негізінен тағам адам ағзасынан тыс бактериялардың тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болатын токсиндермен ластану болып табылады. Токсиндерді шығаруға қабілетті бактериялардың көп түрлері бар. Көптеген токсиндер ластанған тағамдарда ұзақ уақыт сақталуы мүмкін, ал кейбіреулері әртүрлі өңдеуге, соның ішінде бірнеше минут қайнатуға төтеп бере алады.
Улану мен тағамдық токсикоинфекцияның тән белгісі - қысқа уақыт ішінде көптеген адамдар ауырған кезде аурудың өршуі. Бұл әдетте токсин жұқтырған өнімді бірге тұтынумен байланысты.
Инкубациялық кезең отыз минуттан жиырма төрт сағатқа дейін, негізінен екі-төрт сағатқа созылады. Токсикоинфекция келесі белгілермен:
- жүрек айну, құсу;
- сұйық нәжіс (күніне 10-15 рет іштің қатты ауырсынуымен болуы мүмкін);
- дене температурасының 38-39℃ дейін көтерілуі мүмкін;
- бас ауруы, әлсіздік пайда болуы;
- терінің құрғақ болуымен сипатталады.
Осыған байланысты тамақтан улану, токсикоинфекция, жіті ішек инфекциялары (оның ішінде сальмонеллездің) алдын алу мақсатында тұрғындарға:
- үйде дайындалған азық-түлік өнімдерін, оның ішінде рұқсат етілмеген сауда орындарында сатып алмау;
- тұтыну және сатып алу кезінде өнімнің дайындау күнін, сақтау шарттарын және сату мерзімін тексеру;
- тамақ өнімдеріне арналған бір реттік ыдысты пайдалану; 
- ішуге қайнатылған немесе бөтелкедегі суды қолдану;
- бүліну белгілері бар, қаптаманың тұтастығы бұзылған және таңбаланбаған тамақ өнімдерін сатып алмау;
- көшедегі демалыс орындарында болған кезде, гигиенаның қарапайым ережелері ескерілмеген сауда орындарында азық-түлік сатып алмау;
- жеке тазалық туралы ұмытпау, тамақ ішер алдында су болмаған жағдайда қолды гигиеналық майлықтармен сүрту ұсынылады.

Ш.Айдарова,
Жаңақорған аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
22 қазан 2024 ж. 285 0