Соңғы жаңалықтар

№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Тағамнан уланудың алдын-алу

Тағамнан уланудың алдын-алу

Тамақтан улану жылдың кез келген уақытында болатын жағдай. Уланудың негізгі себебі – азық-түліктің жарамдылық мерзімін және дайындалған тағамды сақтау шарттарын сақтамау.
Естеріңізге сала кетейік, балық, ет тағамдары, майонез және жұмыртқа қосылған салаттар, сүт тағамдары, ірімшіктің жұмсақ сорттары, ақуыз кремі бар торттар үстелде 4 сағаттан кейін немесе тоңазытқышта 2 күннен артық уақыт тұрса, ішінде бүлініп, ауыр улануға себеп болуы мүмкін.
Бүгінгі таңда тамақтан улануды тудыратын бактериялардың алты түрі бар:
ішек таяқшасы (шикі сүт және толық пісірілмеген ет);
моноцитогенді листериялар (шикі жемістер, құс еті, жұмсақ және қатты ірімшіктер);
ботулизм (нашар өңделген консервіленген көкөністер мен ет);
патогендік клостридиялар (60 градустан төмен температурада дайындалған ет немесе балықта пайда болады);
сальмонеллалар (жұмыртқа, пастерленбеген сүт);
стафилококк (тамақ дайындау кезінде жеке гигиена сақталмаған кезде пайда болады).
23 қыркүйек 2024 ж. 833 0