№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мереке кезінде тамақтан улануды болдырмау

Мереке кезінде тамақтан улануды болдырмау


Көктем келісімен бәріміз Наурыз мейрамын асыға күтеміз. Өздеріңізге белгілі биылғы жылы Республика бойынша Наурыз мерекесін ерекше форматта тойлау басталып кетті. Дәстүр бойынша бұл мерекеде үй-үйлерде, ұжымдарда, ұйымдасқан ұжымдарда, елді мекендер мен көшелерде дастархан жайылып, тағамдардың алуан түрі Наурыз көжеден бастап, бауырсақ, бесбармақ, қазы, шүжық, қуырдақ женттер, кондитерлік өнімдер және басқа да тез бұзылатын тағам өнімдерін дайындау көптеп жүреді. Мерекеге дайындық кезінде адамдар дастарханға түрлі азық-түлік сатып алады, елді мекендерде мерекелік іс-шаралар, жәрмеңкелер ұйымдастырылады. Алайда, жеке бас гигиенасын ұстанбау, тағамды дайындау, тасымалдау мен сақтау технологияларын бұзу жедел ішек инфекциясы мен тағамнан улану жағдайларына алып келуі мүмкін.
Сондықтан да Наурыз мейрамында халық арасында жаппай тамақтан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру тамақ өнімдерін дайындауға, сатуға қойылатын талаптарды сақтау қажеттілігін еске саламыз, тамақтан улану мен жұқпалы ауруларды болдырмау үшін бірқатар ұсыныстарды орындау қажет:
  • Тамақ өнімдерін дайындау және халыққа тарату кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау
  • Үйде дайындалған өнімдерді сатуға тиым салу
  • Сатушылар арнайы киімде болуы керек, жеке бас гигиенасын сақтай отырып, өнімді бір реттік ыдыста сату
  • Тұтынар алдында қауіпсіз тағамдарды таңдау
Сонымен қатар аудан тұрғындары мен қонақтарының назарына, мейрамханалар, кафе және азық-түлік дүкендері басшыларының Наурыз мейрамы күндерінде іс-шаралар ұйымдастыру барысында тағамнан улану мәселелеріне аса көңіл бөлулерін сұраймыз. Сіздің және жақындарыңыздың қарапайым гигиеналық талаптарды орындауы адам денсаулығының кепілі деп айтқым келеді.

Б.Бидаш,
Жаңақорған аудандық СЭБ басқармасының бөлім басшысы.
20 наурыз 2024 ж. 300 0