Биыл қыс қандай болады?
Қазгидромет қыста ауа райы қандай болатынын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желтоқсан
Желтоқсанда ел аумағында орташа ауа температурасы нормадан 2 градусқа жоғары болады. Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері норма шамасында болады.
Ал солтүстікте, солтүстік-батыс пен солтүстік-шығыстың солтүстік бөлігінде (Солтүстік Қазақстан облысында, Павлодар облысының басым бөлігінде, Қостанай, Ақмола облыстарының солтүстік жартысында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының солтүстігінде, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында) нормадан жоғары, Қызылорда облысының оңтүстігінде нормадан төмен болады.
Қаңтар
Қаңтарда республиканың басым бөлігінде орташа ауа температурасы нормадан 1-2 градусқа жоғары болады.
Еліміздің солтүстік-батыс жартысында, Батыс Қазақстан облысында, Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, сондай-ақ, Ақмола облысының солтүстік-батыс жартысында ауа температурасы норма шамасында болады деп болжанып отыр.
Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері норма шамасында, ал Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Атырау облысының батысында, Маңғыстау облысында нормадан жоғары болады. Қызылорда облысының оңтүстік-шығыс жартысында, Ұлытау облысының қиыр оңтүстік-шығысында, Қарағанды, Абай облыстарының қиыр оңтүстігінде, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарының солтүстік жартысында жауын-шашын мөлшері нормадан төмен болуы мүмкін.
Ақпан
Ақпанда орташа ауа температурасы нормадан 1-3 градусқа жоғары болады. Республиканың солтүстігі мен шығысында ауа температурасы (Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, Павлодар облысының басым бөлігінде, Абай облысының солтүстік-шығыс жартысында, Қостанай, Ақмола облыстарының солтүстігінде) норма шамасында болжанып отыр.
Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары; елдің батыс жартысында (Батыс Қазақстан, Атырау, Түркістан облыстарында, Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Ұлытау облысында, Ақмола облысының қиыр оңтүстік-батысында, Қарағанды, Жамбыл облыстарының қиыр батысында) норма шамасында; ал Маңғыстау облысының оңтүстік-шығыс жартысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының оңтүстік-батысында нормадан төмен болады.
massaget.kz




