№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

№77 (8990) 10

10 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Қытай ғарышта 14 түрлі өсімдік өсіріп жатыр

Қытай ғарышта 14 түрлі өсімдік өсіріп жатыр


Сурет: Report
Қытай ғарышта өсімдіктердің 14 түрін өсіріп, ғарыш станциясында ауыл шаруашылығы дақылдарын ауқымды көлемде өсіруге негіз қалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қытай ғарышкерлерін даярлау орталығының мәліметінше, «Тяньгун» ғарыш станциясында салат жапырағы, сәбіз, күнбағыс, картоп және бидай өсіріліп жатыр. 2025 жылы станцияға өсімдіктерді аэропоника әдісімен, яғни топырақсыз өсіруге арналған тиімділігі жоғары қондырғы жеткізілді.
Бидай ғарышта өсудің толық циклінен өтіп үлгерді. Қазір жиналған тұқымнан алынған екінші өнімнің де түсімі жақындап қалды.
Орталықтың мәліметінше, станцияда өсімдіктерді өсіруге арналған екі жүйе тұрақты жұмыс істейді. Оның бірі арнайы субстратты пайдаланса, екіншісі аэропоника әдісіне негізделген. Бұл жүйелер суды, ауаны және азық-түлікті тікелей ғарышта алып, қайта өңдеуге мүмкіндік беретін тұйық тіршілікті қамтамасыз ету жүйесін әзірлеу үшін қолданылып жатыр.
Қытай Айды игерудің келесі кезеңдері аясында «ай бағын» да құруды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, Қазақстан мен Корея ғарыш саласында жаңа жобаларды іске қосады.
16 қазан 2026 ж. 47 0