» » КЕЙДЕННІҢ КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ

КЕЙДЕННІҢ КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ


Ауыл әкімі Б.Тоқтыбаев есепті баяндамасын ауылдық округке қарасты Аққұм елдімекені ажарлана түсуінен бастады. Елдімекенде әлеуметтік нысандар бой көтеріп, мемлекеттің қолдауын айрықша сезініп жатқанын тілге тиек етті.
Яғни, өткен жылдың жағымды жаңалығының бірі – Аққұм елді мекенінде 100 орындық мектеп құрылысы бастау алған.
  Объектінің сметалық құны 418,821 мың теңгені құрайды.  Және де «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жолына  Аққұм ауылына қарай тұсынан 10 км тас жол салынды.  Үшінші, Аққұм елді мекенінде  жаңадан типтік жобада  медпункт салынып, қолданысқа берілген. Соңғысы, жаңадан мешіт ашылып, халық игілігіне пайдалануға берілген.  Сондай-ақ Кейденде кәсіпкерлік саласы жанданып, бағдарлама игілігін көргендерді атап өтті ауыл әкімі. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша: «Ауылшаруашылық қолдау қоры»АҚ  арқылы мал бордақылауға  1 кәсіпкер 3 млн  теңге несие, «Өңірлік инвестициялық орталығынан» 1 кәсіпкер 10,0 млн теңге, «Қамқоршы» несие серіктестігінен 1 кәсіпкер 3,5 млн теңге несие алған.
  Есепті кездесу соңында ауыл тұрғыны Дулат Тұрабаев өскелең жастарды спортқа баулу мақсатында спорттық кешен қажеттігін атап өтті. Бұған бос тұрған жеке балабақша ғимаратын беруді сұрады. Өз кезегінде аудан әкімі мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында қарастырып көретінін мәлімдеді.
19 қаңтар 2018 ж. 1 292 2

Гость Jeahulalf от 22 ақпан 2019 21:17
Aurochem Pharmaceuticals Le Viagra Generique Existe T Il http://kamagpills.com 5135.1 Ou Acheter Viagra Cialis Levitra Clomid By Mail

Гость Jeahulalf от 12 наурыз 2019 04:17
Surdosage Lioresal Kamagra Prezzi Cialis Levitra implicane Amoxicillin Abuse Cialis France