№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » НАРЫҚҚА БЕЙІМДЕЛГЕН АУЫЛ

НАРЫҚҚА БЕЙІМДЕЛГЕН АУЫЛ


 
Өткен жыл табысты болғанынын жеткізген ауыл әкімі О.Ильясов елдің көптен бері мәселе етіп көтеріп жүрген жаңа мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға берілгенін баяндамаға арқау етті. Мелекеттің қолдауын сезініп, кәсібін дөңгелетіп жатқандардың саны артқанын айтты.
 Яғни, өткен жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының 2 ші бағытымен3 адам мал шаруашылығымен 7 850 мың теңге көлемінде несие алып, қазіргі уақытта ет бағытындағы малдарды бордақылаумен айналысуда екен. Ал, 1 азамат 2 000 мың теңге несие алып, ет бағытындағы құс өсіруді қолға алғаны белгілі болды. Жалпы, барлығы 8 адам жұмыспен қамтылған. Және де «Өрлеу» бағдарламасы бойынша ауылдық округтен 1 азамат 150 000 теңге қайтарымсыз қаржылай көмек алып, жеке кәсіппен айналысса, «Сыбаға» бағдарламасынан сыбағасын алған «Нұр» шаруа қожалығы 14 000,0 мың теңге қаражат алып, ет бағытындағы асыл тұқымды мал басын көбейтуге жұмыс жасауда екен. Оған қоса, ауыл әкімі ауылшаруашылығы жұмыстарын жүйелі ұйымдастырып, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауды тиімді пайдалану мақсатында «Арғымақ», «Алға и К», «Өрлеу» шаруашылық кооперативтері құрылғанын айрықша атап өтті.
Десе де, есепті кездесу соңында ауыл тұрғындары елдімекенге кіре-берістегі көпір авариялық жағдайда тұрғанын мәселе етіп көтерді.
19 қаңтар 2018 ж. 1 218 0