» » «AMANAT» партиясының фракция отырыс өтті

«AMANAT» партиясының фракция отырыс өтті


Аудандық партия филиалында аудандық мәслихаттағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті.
Жиын барысында 3 мәселе қаралып, ✓1 бірмандатты сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты Юнусов Азатбек Оразайұлы фракция мүшелерінің қолдауымен «AMANAT» партиясының Жаңақорған аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясы құрамына енгізілді. Сонымен қатар депутаттық фракциясының мүшесі Тұрлыбеков Жаңабек Оразбекұлы 2023 жылдың сәуір – желтоқсан аралығындағы және 2024 жылдың 1 тоқсан бойынша атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарларымен бөлісті.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Жол картасының Инфрақұрылымдық жүйелерді жақсарту бөлімі туралы жергілікті бөлімдердің есебі тыңдалып, тиісті ұсыныстар айтылды.
Өз кезегінде жиынға арнайы қатысқан Партияның аудандық филиалының төрағасы Арман Мажитов, аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Жарқынбекұлы мен фракция жетекшісі Лаура Әбілханқызы ұсыныстардың барлығы орынды екенін айтып, депутаттық фракция мүшелерінің Жол картасындағы бекітілген тармақтардың орындалуына тікелей жауапты екендіктерін еске салды. Жол картасындағы орындалмай қалу тәуекелі бар шараларды дер кезінде анықтап, соған сай депутаттық сауалдар жасап, іс шаралар жасау қажет екендігін, Сайлауалды бағдарламада енгізілген объектілерге де уақытылы бақылау жасалынып, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуы қатаң бақылауда болуы тиістігін жеткізді.
03 мамыр 2024 ж. 325 0