» » Фракция отырысында өзекті мәселелер талқыланды

Фракция отырысында өзекті мәселелер талқыланды

Бүгін аудандық партия филиалында аудандық мәслихаттағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті.
Жиын барысында 4 мәселе қаралып, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясы мүшелерінің 2024 жылғы бірінші жарты жылдық бойынша сайлаушылармен және бастауыш партия ұйымдарымен кездесу кестесі бекітуге ұсынылып, фракция мүшелерінің қолдауымен бекітілді. Сонымен қатар депутаттық фракциясының мүшесі Берділлаев Бақыт Бексұлтанұлы 2023 жылдың сәуір – желтоқсан аралығындағы атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарларымен бөлісті.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Жол картасының Өнеркәсіп пен кәсіпкерліктің дамуы және Ауыл шаруашылығын дамыту тармақтары бойынша жергілікті бөлім басшыларының есебі тыңдалып, тиісті ұсыныстар айтылды.
Өз кезегінде жиынға арнайы қатысқан аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Жарқынбекұлы мен фракция жетекшісі Лаура Әбілханқызы ұсыныстардың барлығы орынды екенін айтып, депутаттық фракцияның жұмысын күшейту бойынша әлеуметтік желідегі парақшаларына жасалынып жатқан жұмыстардың жүйелі түрде салынуын қолға алу керектігін жеткізді..
15 наурыз 2024 ж. 124 0