Фракция мүшелері сайлауалды бағдарламаның орындалуын пысықтады
Бүгін аудандық партия филиалында аудандық мәслихаттағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті.
Жиын барысында 3 мәселе қаралып, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының 2024 жылға арналған жұмыс жоспары таныстырылып, фракция мүшелерінің қолдауымен бекітілді. Сонымен қатар депутаттық фракция жетекшісі Лаура Абилханқызы және фракция мүшелері Жасұлан Бекенұлы мен Ақмарал Орманәліқызы 2023 жылдың сәуір – желтоқсан аралығындағы атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарларымен бөлісті.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша аудандық партия филиалының төрағасы Арман Әбілпейсұлы «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Жол картасының 2024 жылы орындалатын тармақтарына тоқталып, партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуына жоғары деңгейде атсалысумен қатар, әр депутаттың өзінің жеке сайлауалды берілген уәделерінің орындалуына жұмыс жасау бағытына баса мән беру туралы ұсыныстарды жеткізді.
Өз кезегінде жиынға арнайы қатысқан аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Жарқынбекұлы ұсыныстардың барлығы орынды екенін айтып, депутаттық фракцияның жұмысын күшейту бойынша ой-пікірін білдірді.