№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АҚҚОРҒАННЫҢ АСУЫ

АҚҚОРҒАННЫҢ АСУЫ

 
Төрт түлігін түлетіп, егістігін жайқалтып, шаруасын өрге сүйреп отырған ауыл – қайнаған еңбектің шынайы көрінісі. Міне, осы тұста, ауданда тұңғыш болып, тіректі елді мекен қатарына енген Түгіскен ауылында тындырымды тірлік бар. Мұны біз ауыл әкімі Сардар Садықовтың ел алдында берген есебінен білдік. Әсіресе, әлеуметтік нысандар көптеп бой көтеруде бұл ауылда. Яғни, 2017 жылы Түгіскен ауылында үш бірдей ірі нысан құрылысы басталған. Олар: 300 орындық мектеп құрылысы, 140 орындық балабақша құрылысы және денешынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы. Ауыл әкімі сәтін салса, бұл үш нысанда биылғы жылы пайдалануға берілетінін сүйіншіледі.
Сондай-ақ, ауыл әкімі кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша да бірқатар жұмыс атқарылғанын жеткізді. Айта кететін болсақ,  Мемлекеттік «50 ауыл» бағдарламасының аясында Түгіскен ауылы бойынша 24 кәсіпкер қатысып, олар 46100,0 мың теңгенің несиесін алып, мал бордақылау бағытында кәсіппен айналысып отыр екен. Және де «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасының аясында екі азамат несие алып кәсіптерін дөңгелетіп отырғанын ауыл әкімі баяндамасына арқау етті.
Десе де, күрмеу шешілмеген мәселеде көтерілді. 1986 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген ауылдық клубтың ахуалына алаңдаушылық білдірді бұқара. Оған қоса, жел мен жаңбырлы күндері электр жарығы жиі сөніп қалады деген тұрғындар сауалы ескерусіз қалмайтын болды. Және де ауыл тұрғыны Айша Наубаева Түгіскеннің ортасынан өтетін аудандық маңызы бар жол бойына жарықтандыру жұмысын жүргізуді сұрады.
19 қаңтар 2018 ж. 1 471 0