» » Түңгі рейд жұмыстары жүйелі

Түңгі рейд жұмыстары жүйелі



Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Жаңақорған ауданы әкімдігі жанынан құрылған жедел топ әр аумақта күшейтілген түнгі рейд жұмыстарын өткізуде. Рейдтік жұмыстарға аудан әкімдігі, аудандық полиция бөлімі, Жастар ресурстық орталығы қызметкерлері қатысып, ойын-сауық мекемелерінде (компьютер, PS орталықтары), көңіл көтеретін орындарда заң талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Естеріңізге сала кетсек, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз балалар мен жасөспірімдер ойын-сауық мекемелерінде тек сағат 22.00-ге дейін, ал көшеде сағат 23.00-ге дейін болуға рұқсат етіледі. Егер, бұл талап сақталмаған жағдайда, кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу немесе білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы бойынша ата-ана жауапкершілікке тартылады.
19 сәуір 2024 ж. 212 0