Обкомның екінші хатшысының жәрдемі тиген еді...
— Менің Ресей өңірінде туып – өскен Мұрат деген досым бар. Ол бізде автокөлік жүргізуші болып жұмыс істейді. Қашан көрсең де жайдары қалпынан таймайтын ол қызықты әңгіме айтқанды да ұнатады. Әсіресе, шытырман оқиғалы әңгіме десе жайнап кетеді.
- 1984 жылы Астраханда КАМАЗ айдап жүрген кезім, - дейді бірде Мұрат өткен жылдарын еске алып, - әскер қатарынан жаңа оралғанмын. Біздің автоколонна негізінен ұзақ сапарға баратын көліктерге мамандандырылған, көбіне Мәскеу, Ленинград қаласына азық – түлік өнімдері мен техника бөлшектерін жеткіземіз. Бір күні жұмыстан келе жатсам, қала шетінде үлкен қара «Волга» жол шетінде тоқтап тұр екен. Жанында тұрған кісі маған тоқта дегендей белгі берді. Жасы 45-50 – лерге келген қасқа басты, денелі кісі жалпылдап амандасып жатыр.
- Машинамның бұзылып қалғанын көріп тұрсың. Давай братишка, жәрдем бер. Бізді 12 мөлтекауданға жеткізіп салшы, Өтінемін сенен. Міне, мына мекен жайға апарсаң болғаны, - деп қиылып болмады. Күн батуға әлі ертелеу. Оның үстіне қауырт жұмыс та жоқ. Нем кетеді, апарсам апарып тастайын дедім әлгі «Волганы» тіркемеге алып көрсеткен адрес бойынша жүріп кеттік. Бір байқағаным жеңіл машинада жүргізушіден басқа аппақ сазандай әдемі бір келіншек те бар екен. Сірә, жаңағы жүргізушінің нақ сүйері болар деп өзімше топшыладым. Сонымен, екі сағат дегенде әлгі кісінің үйіне жеттік. Аман – есен жеткенімізге масаттанған қасқабас жүргізуші алмаймын дегеніме қоймай екі бөтелке арақ, бір жәшік консерві қалбырын және қалтама ақша тықпалай берді. Сосын керек боп қалар дегендей өзінің визит карточкасын қоса ұсынды. Былай шыққан соң, қалтамдағы ақшаға қарасам Жүз сом!. Жүз сом дегеніңіз ол уақытта қыруар ақша .
Уақыт солай өте берді. Бір күні кезекті рейске шыға алмай қара басты да қалды. Бәріне кінәлі өзім. Қаланың бір қызына қырыңдап жүргенмін. Соның туған күні болып, арақты аяусыз сілтеп дегендей «шайтан түртіп» жұмысқа екі күндей бара алмай қалдым. Үшінші күні барсам маған уже приказ шығарып қойыпты. Дереу машинаңды өткіз деп қоқаң – қоқаң етеді. Басым салбырап бас инженерге кірдім. Онымен ара – қатынасым жақсы болатын. Ол менің қолымнан ешнәрсе де келмейді, бастықтың бұйрығын бұза алмаймын. Егер қаласаң слесарь бол, мен көмектесейін деді аяушылықпен қарап. Жаңадан алған су жаңа КамАзды өткізу әрине, мен үшін үлкен соққы болып отыр. Мейлі, слесарь болсам болайын, бірақ үйіммен ақылдасып алайын деп гаражға келсем, ұзын бойлы, ақсары жүзді орыс жігіті менің жүктерімді ығыстырып тастап, өзінше билік жүргізіп жатыр екен.
- Әй, бұйрабас әлі қуанбай қоя тұр. Мен ертең өзім келіп, саған өткіземін. Бүгін жанына жолама, - деп желкесінен ұрып жібердім. Содан, настроение деген нәскиге түсіп кеткен, қой қайдғыдан өлем бе, тым болмаса салқын сырамен сусынымды басып алайын деп сыраханаға кірдім. Бір тәуірі мұнда адамдар аздау екен. Кенет, көйлегімнің қалтасынан ұсақ ақшамен қоса визит карточкасы шыға келмесі бар ма?
Тәк бұл адрестің менде жүргеніне жарты жылдың шамасы болыпты. Менің тонымды шешіп алар дейсің бе? Қоңырау шалып көрейін, – деп әуестікпен сыра ішіп болған соң поштаға бардым. Қажетті номерді теріп құлағыма телефон тұтқасын тоса беріп ем, аржағынан «обкомның қабылдау бөлмесі тыңдап тұр» деген әйелдің дауысы шықты. Обкомы несі, онда менің кімім бар дедім де. «Андреев сергей Ивановичті болама» - дедім сасқалақтап. «Қазір бір минут» - деп хатшы қыз көне кетті. Бір кезде «обкомның екінші хатшысы Андреев Сергей Иванович тыңдап тұр» деген таныс дауыс естілді. Мен аты жөнімді, күзде бұзылған «Волганы» жеткізіп салғанымды апыл – ғұпыл жеткіздім. Сергей Иванович мені бірден таныды. Қалай жағдайың, әке – шешең аман ба? Жұмыс барысы қалай? деп жалпылдап сұрап жатыр. Мен жұмыстан, оның ішінде «КамАзымнан» айрылып қалғанымды қынжыла жеткіздім. Аз – кем үнсіздіктен соң обкомның екінші хатшысы біздің автоколоннаның мекен жайын, оның басшысының аты – жөнін сұрады. Мен бәрін де айтып бердім. «Ал, інішек қорықпа. Бәрі де ойдағыдай болады. Осылайша, жиі – жиі хабарласып тұр» деді де Сергей Иванович трубканы қоя салды.
Мен не сенерімді, не сенбесімді білмей есеңгіреп үйге кеттім. Бір жағынан танысыма бекер қоңырау шалдым - ау деп өкіндім. Бірақ, оның обкомның екінші хатшысы болып қызмет атқаратынын ме қайдан білейін?
Сонымен, ертесіне жұмысқа келейін. Кеңсе алды топырлаған адам... Бастықтардың жеке көліктері аулада қаздай тізіліп тұр. Алдымен бас инженер шықты да: «Ойбай Сардаров, бол тезірек. Бәрі сені күтіп тұр. Тіке бастықтың кабинетіне бара бер», - деді. Кабинетке кірсем бастықтардың төрт көзі түгел отыр екен. Бәрі жылы амандасып, бәрі арқамнан қағып дегендей бір сәтте жоғарылап шыға келдім.
- Бар да машинаңды қайта қабылдап ал. Әзірге істей тұр. Жарты жылдан соң су жаңа КамАз береміз. Болды бара бер. Бізден Сергей Ивановичке салем айт, - деп бастық мені есікке дейін шығарып салды.
Міне осылайша, обкомның екінші хатшысының пәрменімен машинаммен қайта қауышқан едім. Бірақ, мен ақымақ машинама қол жеткен соң Сергей Ивановичке рахмет айтуды мүлдем ұмытып кетіппін, - деп Мұрат досым әңгімесін аяқтады. Сіздерді қайдам, мен болсам қанша Кеңес Одағын жаман дегенімізбен сол кездегі басшылардың қарапайым адамдардың талап – тілектерін, арыз – өтініштерін әйтеуір аяқсыз қалдырмайтынын есіме алдым. Оған біз жоғарыда сөз еткен обкомның екінші хатшысы мен қарапайым автокөлік жүргізушінің арасындағы қарым – қатынастың өзі дәлел болып тұрған жоқ па?!.
Қалай ойлайсыз…

Қайрат Нұрлықасымұлының парақшасынан