Соңғы жаңалықтар

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ

АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ

«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы шеңберінде жалғыз басты қарттардың үйлеріне дәрігерлік кеңес берілді.

Бүгін "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында "AMANAT" партиясы Жаңақорған аудандық филиалына қарасты "Жаңақорған санаториясы" БПҰ мүшелері жалғыз басты қариялардың үйіне барып, хал-жағдайын сұрап қайтты.

Қарияларымызға медициналық тексеру жүргізіліп, қажетті көмек көрсетілді. Риза болған ардагерлер медицина қызметкерлеріне баталарын беріп, өз алғыстарын жеткізді.
Ұрпақтар сабақтастығы жарасымымен сақталса елдің берекесі де, мерекесі де таусылмасы анық. Бейбіт заманның қадірін білетін ардагерлеріміздің ақылы - дария, өмірі - өнеге.

Қарттықты қадірлеу, үлкенді сыйлау - қазақ халқының ежелгі дәуірлерден қалыптасқан қазыналы дәстүрлерінің бірі ғана емес, сол игі дәстүрлердің ең озығы, ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан асыл мұра.

#АрдагерлердіАрдақтайық
25 шілде 2025 ж. 1 613 0