Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Шұжық өзімізде өндіріледі

Шұжық өзімізде өндіріледі

Бүгінде ауданда жас кәсіпкерлер қатары көбейіп келеді. «Жас келсе – іске», - демекші жастардың кәсіпкерлік саласына әкелген тың идеялары сұранысқа ие. Сондай талапты жастың бірі – Назерке Әлменова. Ол ауданда алғашқы болып шұжық цехын ашып, халал өнімдерін тұрғындарға ұсынып отыр.

– Назерке, біз сізді бұрынғы ішкі саясат, яғни қазіргі қоғамдық даму бөлімінің қызметкері ретінде жақ­сы танимыз. Негізгі мамандығыңыз қандай еді?
– Ненізгі мамандығыма келсем, Ах­мет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру тех­нологиясы» мамандығын бітір­ген­мін. Бірақ еңбек өтілімді кент әкімі аппаратынан бастап, одан әрі аудандық қоғамдық даму бөлімінде 5 жылға жуық жұмыс жасадым. Қазір бар ынтамды кәсіпкерлікке салып, осы салаға түбегейлі бет бұрдым.
– Мемлекеттік қызметте жүрген тұлғаға қызметкерге мұндай идея қайдан келді?
– Негізі, бір бағытта қалмай әр саланы меңгергенді ұнатамын. Осыған дейін дрожсыз нан жасауды игеріп, нан пісіргенмін. Одан кейін сыр жасау технологиясын оқып, табиғи сырды да шығардым. Кейіннен Алматы қаласына барып, 2 ай колбаса жасау технологиясын оқып, алғашқы өнімдерді туыстарымызға ұсындым. Өйткені, қазіргідей уақыттың тапшылығында көбіміз тіскебасарды жиі пайдаланамыз. Сол үшін нақ осы шұ­жық жасауды үйрендім. Жақсы пікірлер айтылып, тұрғындардың сұранысымен «Наз» өнімдері деген атаумен колбаса жасауға кірістім.
– Жалпы, қоғамда шұжықтың жасалу жолдары туралы теріс пікір де, көзқарас та көп. Дүкен сөрелерін­де самсаған шұжықтардан «Наз» өнімдерінің айырмашылығы неде?
– Басты айырмашылығы – табиғи таза өнім. Ешқандай консерванттар мен бояғыштар қоспаймын. Құрамына артық майлар қосылмайды. Нақ осы артық майлар қосылмағандықтан мен жасаған шұжық сәл құрғақтау болады. Негізі байқасаңыз, қазы да сәл тұрғаннан кейін құрғайды ғой. Бұл да сондай. Осыдан-ақ таза ет екенін аңғарасыз.
– Құпия болмаса, шұжықтың құрамымен бөлісе кетсеңіз.
– Құрамы сиыр еті, тауық еті және қойдың құйрық майы. Сонымен қоса, сарымсақ, тұз және Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының рұқсатымен алынған дәмдеуіштер. Етті өзім еттартқыштан өткіземін, тауықтың етін арнайы Түркістаннан алдырамын. Әр істі адалынан атқарғанды ұнатамын, сондықтан артық дүниелерді шұжыққа қоспаймын. Мен жасаған өнімнің ерекшелігі де осында.
– Шұжықты шығарғаныңызға қанша уақыт болды? Сұраныс қалай?
– Сұраныс жақсы. Қазір осы істі бастағаныма 3 айдан асты. Бір күнім тапсырыссыз өткен емес. Күніне ең азы 4-5 келі, көбі 15 келіге дейін пісіремін. Ауданнан бөлек, Астанаға, Семейге, Алматыға аптасына екі рет жіберемін.
– Жақсы дүниені тұтынуға әркімнің де таласы болатыны белгілі. Десе де, сіз ұсынған өнімнің бағасы қалтаға қонымды ма?
– Өзіңіз білесіз, әр өнім құрамына қарай бағаланады. Еттің де, құйрық майдың да бағасын бағамдап отырған шығарсыз. Дегенмен, өнімді арзандату жолында жұмыс жасап жатырмын. Жуырда Алматыдан үлкен пеш әкелдім. Ондағы мақсат - шұжықтарды бір рет пісіріп, тоқтан үнемдеген ақшадан шұжықтың бағасын төмендету. Алдағы уақытта цех ашсақ, бағасы арзандайтын болады.
– Бір сөзіңізде шұжық цехын ашу жұмысын қолға алдым дедіңіз. Жоспар қандай?
– Қазір өнімді үйден жасап жатырмын. Тапсырыс ұлғайған сайын арнайы орын қажет болады екен. Жақында Алматыға тағы барып, халал шұжық жасайтын цехтың жұмысымен танысып, тәжірибе алмасып келдім.  Қазір сол іске кірісіп, Қорғантоғай көшесінің бойынан ғимарат алып, жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Дегенмен, цехты үлкейту үшін алынатын керек-жараққа көп қаражат керек. Алдағы уақытта жастарға мемлекет тарапынан берілетін гранттар мен несиелерге құжат тапсырып, жобамды ұсынамын.
Жалпы, алға қойған мақсат та, жос­парда көп. Алла қаласа осы кәсіпті мейлінше үлкейтіп, тұрғындарды толықтай таза өніммен қамтамасыз етсем деймін. Шұжықпен бірге сыр, дрожсыз нан, әсіп және т.б. өнімдерді ұсыну ойымда бар.
– Сұхбатыңызға рақмет. Кәсібіңіздің нәсібін көріңіз.

Айсұлу АЛДАНАЗАР
12 сәуір 2024 ж. 328 0