№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Хан» наубайханасының негізін салушы Рустам Әмірхан

«Хан» наубайханасының негізін салушы Рустам Әмірхан

Cоңғы жылдары кәсіпкерлік саласында жастардың қатары артып келеді. Олар тың идея әкеліп, бизнесті жаңа бағытта дамуына жол салуда. Соның бірі – «Хан» наубайханасының негізін салушы Рустам Әмірхан. Іскер азаматты сұхбатқа шақырып, табысты болудың сырын сұрадық.
– Бизнеске қалай келдіңіз?
– Үкімет тарапынан шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту шаралары кең көлемде атқарылуда. Яғни қайтарымсыз гранттар мен төмен пайызды кредиттер беріп, қаржылай көмек көрсетуде. Мұндай жеңілдіктің бізде игілігін көрдік. Мәселен, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ-нан кредит алып, кәсіп бастауға және кеңейтуге мүмкіндік алдық.
Міне, кәсіпкерлікке келуімнің басты себебі – Үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар арқылы табыс көзін тауып, отбасылық бизнесті қалыптастыру еді. Бұл бағытта жұмыстар жүйеленіп, жұмысымыз өрге басып келеді.
– Бизнесте нан өнімдерін таңдауыңыздың себебі неде?
– Әрине, бизнесте креативті жобалар көп-ақ. Қайта өңдеу және өндіру табысты сала ғана емес, елдің экономикалық қуатын арттырады...
Ас атасы – нан дегендей, біздің бизнис-жобамыз нан өнімін халықтың күнделікті өміріне қажетті мөлшерде пісіру. Яғни нарықта сұранысқа ие. Сондықтан отбасымызбен ақылдасып, бизнестің осы
түрін таңдадық.
– Басқа қандай жобаларыңыз бар?
– Бизнестің бір шетін ұстағаннан кейін тыныш жүре алмайсың. Басыңа небір идеялар келеді. Оларды іс жүзінде жүзеге асыру үшін уақыт пен қаражат керек.
– Өз кәсібін ашқалы отырғандарға кеңесіңіз?
– Адамда өзіне деген және өз кәсібіне деген сенімі болғаны дұрыс. Егер сенім болмаса, бастамаған дұрыс. Қолыңыздан келетін, үнемі алып жүре алатын, кәсіпті таңдау керек. Бірден үлкенге жүгірмей шамаңыз келетін дүниеден бастап көтеріле беру керек. Өздеріңіз білесіздер, әлемдегі ең бай, ең табысты кәсіпкерлер кішіден бастаған. Істеймін, оқимын, қайтсем де кәсіпкер боламын деген талапты жанға ақпарат та жеткілікті.
– Сұхбатыңызға рақмет!
Рауза ӘЗІЛХАН
28 қараша 2021 ж. 1 726 0