№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!

СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!


Құлақтан үнің кетпестей,
Сыңғырла, соңғы қоңырау! – дегендей салтанатты кешке жиналған оқушылардың бойынан қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдерін аңғару қиын емес. Ата-аналар мен ұстаздардың да көңілі көтеріңкі. Салтанатты жиынды ашқан мектеп директоры Қалдықыз Досжанова өткен оқу жылының жетістігі мен алдағы алар асулар жайында қаузады.
– Іргетасын ХХ ғасырдың 60 жылдары қаланған білім ордасынан мыңдаған шәкірт түлеп ұшып, елдің дамуына лайықты үлес қосып келеді. Міне, биылғы оқу жылында 739 оқушы білім нәрінен сусындаса, 60 оқушы үлкен өмірге жолдама алады. Олар мектептегі 104 ұстаздан білім деген бұлақтан нәр алды. Өткен жылы Нұрдана Нұрмағанбетова ҰбТ қорытындысымен «Алтын белгіге» лайықты білімін көрсете білді. Биыл 11 оқушы ҰБТ-ға қатысады. Оқушылардың дайындығы жаман емес. Сынама тесттер бойынша орташа 85 балл жинады, – деді директор.
Мектеп оқушылары аудандық пәндік олимпиадаға қатысып, жақсы нәтиже көрсете білді. Мәселен, білікті ұстаз Шолпан Сағымбаеваның шәкірті Ұлдар Байырхан қазақ тілі пәні бойынша облыстық олимпиадада үшінші орыннан көрінді. Шәкірттерін биіктерге жетелеген ұстаз Ш.Сағымбаева облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Бүгінде Құнанбай Салыбековте жаттығатын келінтөбелік гандболшы қыздар аудан және облыс құрамасының негізгі мүшелері. Олар елішілік жарыстарда табысты өнер көрсетіп жүр. Әсіресе, Жанерке Сейітқасым, Меруерт Өтеп, Аяулым Абибулла, Айжамал Әбудің есімін ерекше атауға болады. Спорттағы жетістіктері үшін олар спорт шеберлері атанды. Ал, Айғаныс Назар, Нағима Шермағамбет спорт шеберлігінен үміткер. Яғни, жастардың уақытты тиімді өткізуде мүмкіндік мол.
Мұнан кейін сөз алған ауылдық округ әкімі Жақсылық Әбілхайыров, ата-аналар комитетінің төрағасы Нағашыбек Алшынбеков, ата-ана Ұлбосын Сапарбаева талапкерлерге сәттілік тіледі.
Мектептің осыдан 40 жыл бұрынғы түлегі Ұлбосын Сапарбаева мектеп ұстаздарына өздеріне білім теңізінен дәм татырып, үлкен өмірге жолдама бергендіктері үшін алғысын білдіріп, сөз соңында сый-сияпат жасады. Осыдан 10, 20 жыл бұрын бітіргендерде құр алақан келмепті. Олар мешіттің жанынан жамағатқа ас беретін жабық бастырма салып беріпті.
Салтанат соңында 11 сынып оқушылары Ақдәулет Алғабасов, Гүлназ Қадыр, Назерке Әлібек 10 сынып оқушылары Еркебұлан Масақбай, Ұлжалғас Елеусіз бен Эльмира Шайхысламоваға білім кілтін табыстады. Соңғы қоңырау салтанаты мектеп бітірушілердің қоштасуы «Мектеп Вальсіне» ұласты.

Ерубай ҚАЛДЫБЕК.
26 мамыр 2018 ж. 1 593 0