Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Үштілділік – қоғам қажеттілігі

Үштілділік – қоғам қажеттілігі


Қазіргі жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Ағылшын тілі – біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы.


Ағылшын тілін меңгерген шәкірт әлемдік деңгейдегі ақпаратты еркін, ешкімнің көмегінсіз алатын кәсіби кадрға айналады деген сөз.
Бүгінгідей электроника мен техниканың қатты дамыған шағында оқушыны сабаққа ынтықтырып, қы­зықтыра түсу де оңай емес. Мұндай сәтте оқытушының озық педагогикалық әдіс-тәсілдері мен заманауи оқыту әдістері, оқыту технологияларының элементтері көмекке келе алады. Алдымен, бүгінгі заманның ұрпақтарын ағылшын тіліне қызықтыру қажет. ЛЕД экрандар арқылы, саяхат сабақ жасау арқылы АҚШ, Англия сынды алпауыт елдердің көз тартарлық көріністерімен, ішкі және сыртқы саясатымен, ұлттық киімі, халқының менталитетімен таныстыру арқылы білімгердің ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыруға болады.
Статистикаға сүйенсек, ағылшын тілі – әлемдегі ең кең тараған тіл. Шамамен бұл тілде жер бетінде бір миллиардтан астам адам сөйлей алады. Әлемдегі экономикасы дамыған мемлекеттер – Ұлыбритания мен АҚШ-тың мемлекеттік тілі. Сонымен қатар ондаған мемлекеттердің ресми тілі. Дүниежүзінде ғылыми үрдіске қатысты еңбектер мен ақпараттық тенденцияның 33 проценті ағылшын тілінен аударылса, 15 проценті француз тілінен аударылады. Осыдан-ақ ағылшын тілін меңгерудің қаншалықты маңызды екенін, ақпарат пен білімнің барлығы да сол тілде екенін түсінуге болады. Ағылшын тілін білетін адам жер жүзінде бір миллиард адаммен еркін коммуникацияға түсе алады.
Қорыта айтқанда, үштұғырлы тіл саясаты – халық болып қолдайтын жоба. Ал, ағылшын тілін меңгерген шәкіртті дайындау – шын шебердің ғана еңбегінің нәтижесі болмақ. Бүгінгі таңда Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі де бұл саясатты қолдау арқылы үш тілде сөйлейтін студент даярлауға баса мән беруде. Білім ордасында ұйымдастырылған салтанатты шаралардың үш тілде жүргізілуі де соның нақты дәлелі.
Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгерту. Ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілі­гін арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілде сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазір ағылшын тілін білу – уақыт талабы.

Ақбота ЖУмантаева
№229 орта мектептің ағылшын тілі
пәні мұғалімі

21 наурыз 2024 ж. 239 0