№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қор қор тартып қор болмаңыз!

Қор қор тартып қор болмаңыз!



Қорқор (кальян) дегеніміз темекі сияқты табакты тартуға арналған құрал. Оған арнайы қоспалар салып шегеді. Жастар арасында қорқор шегетіндердің саны күн сайын артып келеді. Қазіргі таңда көптеген адамдар қорқорды көңіл көтерудің жақсы жолы деп санайды.
Алайда бұлайша қөңіл көтерудің қаншалықты зиянды екенінен бейхабар. Қоғамда қорқор зиянсыз, оның денсаулыққа тигізер кері әсері жоқ деген түсінік қалыптасқан. Табактың қандай түрін алып қарасақ та олардың барлығында жүйкені улайтын никотин болады. Сондай-ақ қорқор тартушының өкпесіне, никотин мен зиянды заттардың аз болғанына қарамастан, тұншықтырғыш газ көп мөлшерде түседі. 45 минут бойы қорқор шеккен адам тұншықтырғыш газды, бір қорап шылым тартқан адамнан көбірек жұтады. Оны тарту кезінде көбірек күш жұмсауға тура келгендіктен, түтін өкпенің терең тұстарына кіріп кетеді екен. Қорқордың құрамында никотиннен басқа, адамның геніне кері әсер ететін бензопирен деген улы заты бар. Бензопирен – адам ағзасында қатерлі ісіктің пайда болуына ықпал етеді.
Әдетте қорқорды бірнеше адам болып тартады, яғни қорқордың сору түтігін бірнеше адам пайдаланады. Гигиеналық тұрғыдан бұл өте зиянды. Сілекей арқылы таралатын гепатит, герпес, туберкулез сияқты сырқаттардың жұғуына ықпал етеді.
Сонымен қатар қорқор айналадағы адамдарға зиянын тигізеді. Қорқор шеккен адамның жанында отырғандар сол адамның өзінен гөрі көбірек уланады. Қазіргі кезде көпшілігіміз қорқорды зиянсыз ермек деп санаймыз. Қорқордың денсаулыққа зияны жоқ, оны сулы сүзгіші түтіннің токсиндерін тазартады деп алданбау керек! Қорқор-бұл улардың, қара майдың (смола) концерогендер мен бактериялардың өте зиянды қоспаларын адам ағзасына тез жеткізетін «сәнді» аппарат.
Қорқор тартушының ағзасында улы иісті газ ауқымды көлемде оттегі тапшылығын туындатып, шылым шегуші адамдікі сияқты мидың, жүректің, бауыр мен бүйректің жасушаларын зақымдайды. Қорқор түтіні қорқор тартушының қанына канцерогенді (обырды тудыратын заттар) өкпе тінін зақымдайтын ұшпалы альдегидтерді тікелей жеткізеді.
Кальянды пайдалану – оттегіне қарағанда көмірқышқыл газы гемоглобинмен көп байланыста болады. Сол себепті қорқор құмарлар үнемі гипоксияға (оттегі жетіспеушілігі) ұшырайды. Соның салдарынан ми, жүрек, бауыр, бүйрек, бұлшықеттер мен басқа да жасушалар оттегінің жетіспеушілігінен әртүрлі ауыр дерттерге шалдығады, оның аяғы әртүрлі мүгедектікке алып келуі мүмкін.
Қорқорға арналған шегу қоспаларының қалай әзірленетінін көбінесе ешкім тексермейді. Оған есірткі қосатын жағдайлар да орын алады, бұл қорқордың зиянды әсерін күшейте түседі.
Қорқор шегу арқылы ішке кіретін 25 грамм табак 60 тал шылым шеккендей әсер береді. 
Қорқор яғни кальянды үнемі емес сирек шегудің өзі де зиян екенін ескертеміз. Сондықтан маман ретінде қорқорды пайдаланбауға кеңес беремін.

ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Жаңақорған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің басшысы
Б.М.Бидаш
03 наурыз 2024 ж. 356 0