№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СИҚЫРЛЫ ҚҰМЫРАНЫҢ СЕРГЕЛДЕҢІ

СИҚЫРЛЫ ҚҰМЫРАНЫҢ СЕРГЕЛДЕҢІ

Жақында жасы қырықтан асқан танысым Алматыға барып қайтты. Келгеннен кейін алып шаһарда көрген қызығымен бөлісті. Айтуынша студент ұлының туылған күнін қаладағы мен деген кафеде жасап берген. Түсінгенім ұлы гурппаластарымен бөлек дастарханда отырған. Ал, өзі туыстарымен ортаға қорқор (кальян) алдыртып, соны шеккен. Ұялы телефонынан түтікшеден бұрқыратып тартып жатқан түтінін көрсетті.  Көк түтінді аузынан бұрқыратып, әбден суретке түсіпті жарықтық шіркін. Ә-дегеннен ерсі көрсінді бұл ісі. Әрине, кім қалай көңіл көтерседе өз еркі. Мені мазалағаны бұл қорқордың жастар арасында етек алуы. Желіде жиі отырамыз. Сонда байқайтынымыз, қалаға оқуға кеткен ауыл баласы мен бұрымдысы қорқор тартқан суреттерін желіге жиі жүктейтін болды. Мақтаныш үшін. Ауылда ата-анасының аязды күні аяғынан сыза өтіп, балам үшін деп, ертелі-кеш базардан тапқан бар тиынын сол баласына беріп жібереді. Бірақ, сол санасыз бала қалаға жеткен бойда қорқор тартатын кафеден табылады. Сөзіме сенбеген ата-ана болса, интернетті игілігіңізге икемдеңіз. Егер әлеуметтік желіге тіркелген болсаңыз ұлыңыздың парақшасын тексеріп көрсеңіз әбден болады. Бірқатарын желі арқылы сөзге тартып та көрдім. Жауабы да дайын. Денсаулыққа еш зияны жоқ. Айтпақшы, қорқоры нес тағы? деп, түсінбей отырғандар болса айтайын. Бұл – салқындатылған түтінді ішке тартып, шылым шегуге арналған ыдыс. Яғни, сұйықтығы бар құтыға түтікше салынады, іштегі түтін су дейгейінен жоғары екінші түтікше арқылы шығып, адам өкпесіне өтеді. Сиқырлы құмырадан бір тартып көрген жас тәуелділікке бой алдырады. Қазір жастар арасында көңіл көтердің ең жақсы жолы осы кальян тарту. Хош. Жалпы көпшілік қорқорды еш зиянсыз деп есептейді. Осы қаншалықты рас? Ақ-қарасын ажыратуды өзімізге міндет деп алып, зерттеп көрдік.
Бұл сиқырлы құтының көзді арбайтын ыдысынан бөлек, жеміс-жидектің, сүттің, коньяктың дәмін беретін алуан түрлі шөптері бар. Яғни, ол қорқордың жағымсыз дәмін жасыру үшін пайдаланылады. Қорқор – жұқпалы аурулардың таралуына себепші дейді мамандар. Санитарлық-эпидемиологиялық зерттеу барысында қорқор ыдысындағы сұйықтықтан көк іріңді таяқша, стафилоккок вирустары табылған. Бұл вирустардан сары ауру, герпес, туберкулез, тіпті, жыныстық аурулар тарайтыны белгілі болды. Адамды жүрек-қан тамырлары ауруларына және жаңа туған сәбилердің денсаулығының нашар болуына соқтырады. Қорқор тартатын жастардың бедеулікке, белсіздікке ұшырау қаупі жоғары екен. Кальянның түтіні сұйық сүзгіден өтсе де, толығымен түрлі қоспалар мен никотиннен тазармайды. Оның құрамында тұншықтырғыш газдың көп мөлшері, ауыр металл тұздары мен канцерогенді қосылыстар сақталып қалады. Дәрігерлердің айтуынша, бір сағат қорқор тарту — жүз тал темекі шегумен тең. Сондай-ақ бір емес бірнеше адам бір түтікті пайдаланатындықтан оны жұқпалы аурудың ордасы деп атауға  да болады.
Өз кезегінде аудандық емхананың салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлімшесінің маманы Ербола Бакировтың да өз айтары бар.
– Қорқор түтіні улылығы жөнінен темекі түтінінен бірнеше есе жоғары. Оның шегу арқылы адам 14 есе көп түтінді иіскеп, денесіне сіңіреді. Сөйтіп, улы иісті газ көбіреу өкпеге өтеді. Яғни, окөпе обырымен ауыру 2 есеге артады. Сондықтанда замандасрымның бұл түтінге жақындамағанын құп көремін. Оның орнына, салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданған абзалырақ–дейді сала маманы.  Түйіндей айтқанда, қорқор шегіп қор болғанша, өзіміздің ұлттық сусындарымыз; қымыз, шұбат, қымыран ішіп шалқып жүрген қандай тамаша. Саулыққа да пайдасы зор.
03 маусым 2018 ж. 925 0