№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Солтүстікке көш: Жаңақорғанның жайы қалай?

Солтүстікке көш: Жаңақорғанның жайы қалай?



Егер жұмыс іздеп солтүстікке көшкіңіз келсе, тұрғылықты жердегі Жұмыспен қамту орталығына барып, кеңес ала аласыз. Мекеме мамандары сізге кеңес беріп, көшіп барғыңыз келетін солтүстік өңірден жұмыс қарастырады. Өңірмен танысу сапары, көшіп-қону шығыны, жұмыс беру және баспанамен қамту мәселесін түгелдей көшіп баратын өңір өз мойнына алады. Сізден тек өміріңізді өзгертуге деген батылдық қана талап етіледі.

Осы ретте біздің ауданның үлесі қаншалықты? Бұл жөнінде аудандық жұмыспен қамту бөлімінің маманы Ханзада Ахметовадан «Солтүстікке көш» бағдарламасының орындалу барысын сұрап білген едік.
– Осы уақытқа дейін біздің ауданнан 13 отбасы ниет білдіріп, солтүстікке көшкен болатын. Бірақ өткен жылы бірде-бір қозғалыс болмады. Былтыр «Ордакент» жастар мен ардагерлер ресурстық орталығында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері ұлттық жобасының қоныс аудару бағдарламасы бойынша солтүстік өңірлерден келген жұмысшы тобының бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Отырысқа өз ауданымыздағы жауапты мамандардан бөлек, Успен ауданы, Ольгино ауылдық округінің әкімі Айнаш Егімбайқызы, Ұлытау ауданының жұмыспен қамту орталығының директоры Баянкүл Құрманғалиұлы, Семей қаласының жұмыспен қамту орталығының маманы Ерасыл Тоқтасынұлы және Жаңақорған кентінің тұрғындары және солтүстік өңірлерге ерікті түрде қоныс аударуға ниетті аудан тұрғындары, соның ішінде жұмыссыз, өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығын азаматтар қатысты. Аудан аймағында бір емес бірнеше мәрте тиісті мамандармен кездесулер өткізіп, жан-жақты кеңес берілген болатын. Осындай кездесулерде 675 адам қамтылып, ақпаратқа қанықса да бірде-бір адам көшуге ниет білдірмей отыр. Бірақ осы уақытқа дейін көшкен 13 отбасы жұмыспен қамтылып, тиісті көмектерін алды, – дейді жауапты маман.
Иа, ұсыныс көп. Бірақ өтініш білдірушілер тым аз. Әлеуметтанушылар оның себебін әлеуметтік пакет­тер тиімділігімен, өзектілігімен байланыстырады. Неге десеңіз, оңтүстіктің жылымық ауа-райына бейімделген азаматтар қысы алты айға созылатын аймаққа жерсінуі қиын. Сондықтан жылы жақтан барған азаматтарды буын аурулары жиі мазалайды. Көш бағдарламасының әлеуметтік пакеттеріне ден­саулығына қосымша сыйақы төлеуді қарастырған дұрыс. Бастысы, онда көшіп барушылардың жалақысы мен жәрдемақы көлемін арттыру маңызды. Бүгінде Қандөз, Көктөбе, Қаратөбе ауылдық округінің жастары Ресейде жұмыс істейді. Тіпті ауыл жастары тұтастай көрші елге көшіп кеткендей әсер қалдырады. Олар сырт елде неге жұмыс істейді? Себебі біреу ғана – жалақы жоғары. Онда айына теңгеге айналдырғанда 500-700 мыңға дейін табыс табады. Егер Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облысында сондай көлемде жалақы төленсе, жастар тұрақтап, өз елінде қызмет етер еді.
Бұдан аңғаратынымыз, көш-қон бағдарламасында біздің азаматтарды нақты қызықтыратын ұсыныс аз.
Жұмыс күші тапшы, халық саны аз теріскейдегі тұрғын санын ішкі көші-қон арқылы реттеу Қазақ­станның территориялық тұтастығын сақтауға, ұлттық салт-санадан ажырамауға, тіл мәселесінің оң шешілуіне ықпал ететіні белгілі. Осы ретте ауданымыздан қо­ныс аударған отбасылардың бірқатарымен сөйлесіп, жағдайларын білуге тырыстық. Қоныс аударған Шалқия кентінің тұрғыны Азамат Әбдіқадыровтың жайы төмендегідей.
– Солтүстікке көшіп, жұмыс істеп, нәпақа табуға болады. Осы бағдарламаны естіп, білген соң тәуекел еттім де жолға жиналдым. Павлодар қаласына қоныс аударып, үш жылға жуық жұмыс жасадым. Мен қоныс аударған уақытта үй беру болмады, бірақ қаржылай ақша берді, жұмысқа орналастырды. Жақында ғана жұмыс барысымен Астана қаласына көшіп келіп жатырмын, – дейді бүгінде солтүстік қазақстандық азамат.
Ал, кент тұрғыны Жалғас Байдолла Өскемен қаласына қоныс аударып, жеті жылға жуық уақыттан бері сонда қызмет етіп келеді.
– Мен Өскемен қаласына оқуға түсіп, осында жұмысқа қалып қойдым. Қазіргі уақытта үлкен кәсіпорында энергетик маманы болып қызмет етіп жүрмін. Ауылға барғанда маған жұмыс көзі табыла қоймайды. Үйде қол қусырып, ата-анама масыл болғаннан гөрі, жұмыс көзі табылған жерде еңбек еткен дұрыс деп есептеймін. Өскеменде жұмыс көзі өте көп, ауданның азаматтары да баршылық. Соңғы уақыттары жастар көптеп келіп жатыр. Өйткені ауданда жұмыс аз, бар болғанымен ақшасы мардымсыз ғой. Сондықтан да түрлі сылтауды желеу етпей, мүмкіндік бар жерде жұмыс жасаған дұрыс, – дейді.
Байқасақ, солтүстікке көшіп барған отбасылар­дың жағдайы жақсы. Оларды сөзге тартқанымыз­да, әлеуметтік жағдайларының толық шешілгенін және жұмыспен қамтылғанын алға тартады. Демек, солтүстіктегі шұрайлы жерлерді игеріп, елдігімізді, тұтастығымызды сақтау жолында атаулы бағдарламаның маңызы зор деуге болады. Мұның астарында үлкен идеологиялық мән жатыр.

Әсел РЗАЕВА
13 ақпан 2024 ж. 236 0