Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Отанды сүю – иманнан

Отанды сүю – иманнан


Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына – 35 жыл. 1979 жылдан 1989 жылға дейін он жыл халықаралық саясатта ықпалды салмағын арттыруды көздеген кеңес командованиесінің бұйрығымен жат жерде жауынгерлік міндетін өтегендер қатарында жасы жиырмаға де жетпеген жүздеген жаңақорғандық жерлестеріміз болды. Әскери міндетін өтеп, елге есен-сау оралған 90 азаматтың басқа жаққа көшіп кеткені, бақилық болғаны бар, бүгінде 45-і атамекенде тұрып жатыр. Міне, осы ағаларымыз осы жексенбіде Жаңақорған жастары Ауған соғысы ардагерлері патриоттық қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен аудандық мешіт асханасында дастархан жайып, майдан даласынан қайтпай қалған, елге оралған соң да денсаулығындағы кінәраттан мезгілсіз көз жұмған қаруластар рухына арнап ас беріп, құран бағыштады.


Рухани шара тізгінін қолға алған аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов, жас буынды патриоттық рухта тәрбиелеуде кеудесінде орден-медальда­ры жарқыраған жауынгер ағаларымыздың мәртебесі бір бөлек екенін айтып, олармен тағылымды кездесулер мен жиындарды жоспарлы жүргізудің маңыздылығына тоқталды.
Елін-жерін қорғаған азамат көпке үлгі. Ауданның бас имамы Нематов сөзін осылай бастады.
– Сіздер елдің алдында жүрген аза­матсыздар. Бүгінгі мерекедегідей киін­ген салтанатты формада жас өскіннің алдына барып айтқан әр сөздеріңіз өтімді, өз бастарыңыздан өткен ерлікті баяндау болашағымызды батылдыққа тәрбиелер еді. Қазір көкөрім жастарды қойып мемлекет­тік қызметтің болашақ кадрларының көбі әскерге бармаған. Олар өз-өзін шыңдайтын әскери міндетті аттап өтіп бірден биік дәрежелі қызметті меншіктегісі келеді. Жастардың бойында елді, жерді қорғаймын деген патриоттық сезімнен бөлек баю, ақша табу, алдау-арбау сынды жеңіл мақсатқа бейімделу басым. Бұған тосқауыл қоюда шынайы өмір жолдарымен өнеге бола алатын аға буынның үлгісін насихаттау қажет-ақ. Біздің кезімізде әскерден жалтару деген бар ма еді? Қайта армияға бармаған адам көзге шыққан сүйелдей шеттеп қалатын. Әскерге шығарып салудың өзі мереке еді.
Хадисте «Патшаның жалығын орындау уәжіп» дейді, мемлекеттің сол кездегі тапсырмасымен әскери міндетті борышын өтеп аман оралғандарыңыз бар, жат жерде ажал құшып арманда кеткен бауырларымыз бар, баршаңызды Алла өзінің нығметіне қауыштырсын, - деген ол сөзін төмендегіше жалғады:
– Отанды сүю – иманнан. Ұят бар жерде иман бар. Кейде базбіреулердің «Мен армияға барып кімнің жерін қорғаймын? деп тар ұғымда пәлсапа соғып жататынын көріп жатамыз. Шындығында Отан деген жерді иеленумен өлшенбейді. Отан – біздің жүрегіміз. Ата-бабамыздың кең пейіліне маңдайымызға ұлан-асыр мекенді иелену нәсіп болыпты. Енді осының қадіріне жетуіміз керек.
Өзінің меншігінде тоқымдай жері жоқ, бізден үш есе көп ұйғыр ағайындардың, күрдтердің өксікке толы өмірлеріне, мұңы мен зарына қарап отырып өз Отаныңның барына шүкір қылып, шексіз тәу етіп, оны көздің қарашығындай сақтауды перзенттік парыз тұту міндет, – деген ол өзінің жас шағында әскери қызметін теңіз флотында өтегені жөнінде де тоқталып өтті.
Иман - жан тазалығынан қуат алады. Осы тұрғыда бас имамның келтірген мына тәмсілі де көптің көңіліне қонды: «Әбу Оқап деген сахаба соғыс уағында Ирактың жерінде соғыс қимылдарына басшылық етіпті. Бір соғыста жанына бір жігіт келіп, сандықты ұсынып, «Қолбасшым, жихадтан түскен қазына еді. Осыны әкеп тұрмын» дейді. «Мұның ішінен ешнәрсе алған жақсың ба?» дейді қолбасшы. «Жоқ, оның ішін ашып қараған да жоқпын» дейді жауынгер. Басшының «Атың кім?» деген сауалына «Сіздің алғысыңызды иеленіп, Алладан алатын сауаптан құр қалмайын. Есімімді білмей - ақ қойыңыз» деп әлгі сарбаз кетіп қалады. Сөйтсе де қолбасшы оның ізінен адам қойып кім екенін анықтайды. Сөйтсе бұл Әмір ибн Қайыс, яғни Әмірдің ұлы Қайыс деген жігіт екен. Соғыс бітіп тынышталған соң оның осы адалдығын ескеріп оған үлкен сыйлық тарту етуді ұйғарыпты». Ол заманда әкімдер иманды, ешкімнің алажібін аттамайтын, жаны таза адамдарды сыйлап атақ беретін болған. Мына тәмсіл соның бір дәлелі болса керек.
Келесі кезекте сөз алған сексен бес жастағы ақсақал, ардагер кенші Тұрлыбек Шаназаров қайырлы істе бас қосқан азаматтарға қариялық батасын берді. Одан әрі Жаңақорған аудандық қорғаныс бөлімі басшысы Нұрбол Есенәлиев, аудандық ауған ардагерлері бірлестігінің төрағасы Қуаныш Аблакимовтер сөз алып, лебіздерін білдірді. Майдангерлер естеліктермен бөлісті.
Ауған соғысында шейіт кеткен Мұхтар Оразбекұлы және Қабланбек Молдабекұлы, Әбілхан Әбіләмитұлы, Үсекен Қасымұлы, Марат Бекмырзаұлы, Нәлтайханұлы Жанбай, Жұмахан Асанұлы, Әділ Қадыров, Әли Жүсіпов, Ыбырайым Итизов сынды қаруластар рухына арнайы құран бағышталды.

Баян ҮСЕЙІНОВА
13 ақпан 2024 ж. 226 0