Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мал өндірісі экономика тірегі

Мал өндірісі экономика тірегі



Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – маңызды міндет. Үш жылда агроөнеркәсіп кешеніндегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізу қажет. Алдағы уақытта сүт өнімдерін шығаратын 115 ферма салынады. Олар жыл сайын 600 мың тоннаға дейін өнім беретін болады. Мұның бәрі жалаң цифр емес, бұл – нақты міндеттер. Президенттің ауылшаруашылығы саласын дамытуға берген тағы бір тапсырмасы. Яғни, Мемлекет басшысы осы саланың импортқа тәуелділігін азайту үшін ірі инвестициялық жобаларды қолға алып, отандық өнімнің көлемін арттыруды міндеттеді. Бұл Сыр елі, оның ішінде, Жаңақорған ауданына да тікелей қатысты. Өйткені, өңірдегі төрт түліктің үштен бір бөлігі біздің ауданда, сонда да малдың басын өндіріске икемдей алмаудамыз. Бүгін осы тақырып төңірегінде жан-жақты талдау жасап, мамандардың ұсыныстарын бөлісетін боламыз.
Мемлекет кешегі күнге дейін мал шаруасына көп қолдау көрсетті. Есебі жоқ субсидияны есебін тапқандар алып үлгерді. Байыса қазақ байысын дейміз, бірақ оған бақылау жасап жатқан ешкім болмады. Мал басын жыл сайын көбейтіп жатырмыз, әкімдік берген цифрларды көрсек елдің әлеуеті артып келе жатыр. Солай да шығар, бірақ, сол қолда тұрған мал басын көбейтіп, сүтін азын-аулақ тиын етеміз, негізгінен ет бағытында саудалаймыз. Басым көбінің шаруасы осы. Терісін, жүнін, басқа да қажеттіліктерді өтеуге әліміз әлі келмей жатыр. Келеді, бірақ оңай олжа табуға құмармыз.
Алдымен облыстағы ахуалды аңғарып көрейік. Аймақ бойынша төрт түліктен түрлі өнім шығару жолға қойылған. Мәселен, «Aral Organic» жеке кәсіпкерлігінің иесі Арсена Кушжанова түрлі өсімдіктің қоспасынан сабын дайындайды. Кәсіпкердің өнімі көп сабынға ұқсамайды. Ол түйе, ешкі сүті, жантақ қосылған емдік қасиеті бар сабын шығаруда. Бұл сабынның түрлі тері ауруларына және терінің құрғауына қарсы емдік қасиеті бар екен. Арсенаның емдік әрі хош иісті сабыны «Қазақстанның үздік тауары-2023» өңірлік көрме-байқауында-ақ сұранысқа ие болған. Арсена Көшжанова бұрын сабынды өзіне және таныстарына дайындайтын, содан кейін хоббиді бизнеске айналдыруды шешті. Мемлекеттік қолдау аясында қолдан жасалған сабын шығаратын цех ашқан. Кәсіпті бастағанына 6 айдай уақыт болған. Қазіргі таңда сабынның 11 түрін шығарып отыр. Соның ішінде 3 сабын емдік қасиетке ие. Айтуынша, сабынның құрамында хош иістер, бояғыштар мен консерванттар жоқ, тек табиғи ингредиенттер. Судың орнына ешкі мен түйе сүтін қосады, сонымен қатар түйе тікенегі қосылған шөп сабынының рецептін ойлап тапқан. Одан бөлек, Шиелі ауданында қымыран шығаратын зауыт бар. Аралда жүннен өнім өндіру ісі қолға алынғалы жатыр. Міне, аймақтағы ауқымды жобалар осылай реттеліп келеді.
Енді өзімізге келейік, біз бүгін мал өсімі мен жай-күйін, тері өндірісі, ет бағыты, сүт және құрт өндіру ісін сөз етеміз. Аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің мәліметінше, аудан бойынша 25 297 жылқы, 1790 түйе, 67 421 сиыр және 266 191 қо мен ешкі басы бар. Біздің екінші бағыт тері өндірісі. Өңдеу өнеркәсібі оның ішінде кенжелеп қалған саланың бірі – ол былғары өңдеу өндірісі. Жақында «Атамекен» Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы Жаңақорған аудандық филиалының директоры Асылжан Жолдасбеков пен өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі, аудандық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Аблан Әсенов өңдеу саласы бойынша зерделеу жұмысын жасап, көршілес өңірлерге барып қайтты. Бұл кәсіптің болашағы мен осы бизнеспен айналысып отырған кәсіпкерлердің мұң-мұқтажын тыңдап та көрген болатын.
– Әуелі Алматымен іргелес Көкөзек ауылында Саят Аблақов басқаратын “Almaty Tannery+” ЖШС тері өңдеу зауытында болдық. Бұл жерде 200-ге жуық адам жұмыс жасайды екен. Шикізат Алматының айналасындағы ауылдардан, Түркістан облысы және Солтүстік өңірлерден қабылданады. Дайын өнімді негізінен Алматы,Тараз, Ақтау, Қарағанды қаласындағы мемлекеттік тапсырыстарды орындаушы фабрика, цехтарға жібереді. Онда етіктер (арнайы және әскери етіктер) жасалып шығарылды. 1 айда 75000 дана МІҚ терісін өңдеуге қауқарлы зауыттың қазіргі жұмыс жүктемесі 20-25 пайызды құрап отыр. Одан кейін Тараз қаласында орналасқан "ТаразКожОбувь" ЖШС тері өңдеу зауытына бардық. Мұнда аяқ киім шығаратын үлкен фабрика бар. Жалпы өндіріс орны 1961 жылы құрылған. Шикізатты жергілікті жерден, жетпегенін өзге өңірлерден алады. Зауыт сиыр (бұқа), қой терісін қабылдайды Өндіріс басшысы Еркін Абдыбаев Кеңес заманындағы ет комбинаттарында малды дұрыс соймағаны үшін жауапкершілік бар еді дейді, терінің сапасыздығын айтып тұр. Жеңілдік, субсидия малға, етке, егістікке, жанар-жағар май және тағы басқа өнімдер бар, ал тері өндірісіне ештеме жоқ деп базынасын басып айтты, – деді филиал директоры. Зауыттағы құрылғыларды уақыт талабына сай жаңартылып отыру заңды. Мәселен, Түркия елінде бұл салаға мемлекеттік қолдау кеңінен жасалынған деседі. Осы кезге дейін былғары кластерінің дамымай отырған себебінің бірі осы болса керек. Қазір малды көпшілігі үй жағдайында және асығыс сояды, салдарынан мал терісіне пышақ іздері түсіп, кесіліп кетіп жатады, оған қоса мүйізді ірі қараға тән оқыра ауруы теріні бірнеше жерден тесіп белгілі көлемін жарамсыз етіп тастайды. “5000 терінің ішінен 2500 ғана жарамды. Кәдеге жаратуға келетін бөлігін өңдеу үшін қыруар химиялық қоспалар кетеді. Қоспалар өзге елдерден келеді, бағасы да қымбат, әрі салығы бар. Бізде кластер жоқтың қасы екен, инемен жіпті Италиядан, химиялық қоспаларды Германия мен Түркиядан, резеңкені Италиядан, бәтеңкенің бауы Ресейден импортталады. Қазақстандық үлес мал терісі мен адамдардың еңбегі. Қазір фабрика жылына 500 000 жұп аяқ киімді шығарса, алдағы 2-3 жылда 1 млн жұп шығару жоспарымызда бар” "ТаразКожОбувь" ЖШС директоры. Зауытта ер, әйел, арнайы аяқ киімдері тапсырысқа сай дайындалады. Биылғы қолданылған былғары мөлшері 15 млн дециметрді құрапты. Сапардың соңғы нүктесі Шымкент болды. Пархат Исабаев басқаратын "Turan Skin" ЖШС тері өңдеу зауытына тоқтадық. Өндіріс орны 2001 жылдан бері жұмыс жасайды. Қуаттылығына сай қазір 1 күнде (күндіз) 1000 теріні өңдеп дайын өнім қылып шығарып отыр. Кезінде осы өндіріс орыны дайын өнімді Қытай, Түркия, Италия, Пакистан, Балтық жағалауы елдеріне экспортталған, ол кезде күніне 1300-1500 дана шығаратынбыз, – деді басшысы. Терінің бір бөлігін тамақ өнеркәсібіне "белок"/протеин/ үшін дайындалып Ресей, Белорусия, Украина, Елдеріне жіберіледі. Қазір зауытта 50 адам жұмыс істейді. МІҚ терісінің 1 данасын 1200 теңгеден бастап алады, бұқаныкі 3500-4000 тг. Солтүстік өңірлерден келіге есептеп алынады екен, себебі, ол жақтың мал терісі салмағы ауыр болып келеді. Зауыт МІҚ (сиыр, бұқа), ұсақ малдардың терісін сапасына сай қабылдау үшін еліміздің әр өңірінде тері қабылдау пунктері, қоймалары жұмыс жасайды. Аталған 3 зауытта іскерлік байланыс орнатып, білгендерімен бөлісетінін және сапаға сай келсе шикізатты да қабылдауға келісетіндерін жеткізді, – деді Асылжан Жолдасбеков. Зерделеушілердің айтуынша, зауыттардың барлығы толық қуаттылықта, яғни, өз дәрежесінде жұмыс істемей
Жақында ғана ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов: «Қазір онлайн несиені 14-16 жастағы жасөспірім рәсімдей алады. Ол үшін смартфон мен интернет қана қажет. Осындай жаста қаржылық жауапкершілік алуға бола ма? Нәтижесінде олардың қарыздарын ата-аналары, атасы немесе апасы төлейді», – деді. Ал, ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепёханың сөзінше, 2023 жылы несие алып, қарызға батқан 12 қазақстандық суицид жасаса, 40 азамат несиені өтеуге қажетті ақшаны табу үшін түрлі қылмысқа барған екен. Осы тұста, Antidolg.kz әлеуметтік заңгерлік қызмет көрсету ұйымы Қазақстанда онлайн-қарыз алуды машық қылғандардың портретін жасап шығарыпты. Ұйым қазақстандықтарға жалақыға дейін қарыз беретін отыздан аса компанияның белсенділігіне сараптама жасап, кредиторлардың қаражатын еселеп жатқандардың жалпы портретін жасады. Google Analytics мәліметінше, жылдық пайызы 100 болатын несие беретін компаниялардың сайттарына 25-34 жас аралығындағы ер адамдар жиі кіреді екен. Екінші кезекте - 35-44 жастағы ер адамдар бар екен. – Дәл осы жастағы қазақстандықтар онлайн-қарыз алу салдарынан көбіне ірі сомадағы қарызға белшесінен батады екен. Олар несие тарихын бүлдірген немесе алдағы уақытта бүлдіреді. Кішігірім онлайн-қарыз үшін көптеген отбасы жақсы әрі тиімді мемлекеттік тұрғын үй несиелеу бағдарламасына қатысу мүмкіндігінен айырылып жатады. Онлайн-қарыз алуға қарағанда бұл әлдеқайда өмір сүру сапасын жақсартады", - дейді Antidolg.kz директоры Нұрхан. Расында, еліміздегі екінші деңгейлі банктер мен қаржы ұйымдары несиені есепсіз беріп, қарапайым халықтың несібесінен айырды десек қателеспеспіз. Керек десеңіз, бір адамның басында бір емес, бірнеше несиеден қордаланған көп қарыздан басы қатып, өз-өзіне қол жұмсау оқиғаларының да жиі қылаң беруі алаңдатарлық жай. Қаржылай несие өз алдына, ұялы телефоннан бастап тұрмыстық техниканың барлық түрі, үй жиһаздары да несиеге рәсімделуде. Оны да тегін бергендей алып, банк алдындағы берешегін төлей алмай, дүние-мүлкінен айрылып жатқандар қаншама. Байқағанымыздай, бізде халықтың қаржылық сауаты төмен екені аңғарылады. Осыны банктер уақытында пайдаланып, ашықтан-ашық алдауға көшкен. Ақпараттарға көз жүгіртсек, Ұлттық банк тізімінде 100 шақты шағын қаржылық ұйымдар бар екен. Екінші деңгейлі банктер мен шағын несиелік ұйымдармен интернет желісі арқылы несиелендіру бағдарламаларының да көпшілік арасында кең қолданыс тауып жатқанын анық байқауға болады. Яғни, «айлыққа дейін» азаматтарға берілетін орташа құны 30-50 мың теңге шамасындағы несие беретін ұйымдардың жұмысы қызып тұр. Мұндай ұйымдар ұсынатын қаржының тиімділі уақыт пен құжат жинауды талап етпейтін ұтқырлығы.
Ал, тиімсіз тұстары шаш етектен. Солардың біршамасын санамалап көрейік. Ең бірінші тиімсіз тұсы – пайыздық мөлшерлемесінің жоғарылығы. Алынған несиенің пайызы күн санап артып отырады. Төлем кешіккен әр күн үшін 1 пайыз өсім қосылып тұрады. Сол үшін де ондай ұйымдар қарыз алушыны несиесін тезірек төлеуге асықтырмайды. Себебін түсініп отырсыз. Мұндай өлшеммен несиенің жылдық пайыздық мөлшерлемесі 365 пайызға бір-ақ жетеді. Мысалы, 30 мың теңге несие рәсімдеген болсаңыз, небәрі бір айдың ішінде 40-45 мың теңгенің көлемінде өтемақы қосып төлейсіз. Әйтпесе, сіздің шотыңызға шектеу қойып, есепшотыңызға түскен қаржыны шектейді. Тағы бір кемшілігі, мұндай ұйымдардан несие алып, оны уақытылы қайтара алмасаңыз, оның барлығы сіздің несие тарихыңызға жазылады. Одан кейін әдеттегі банктерге маңайлаудан қаласыз. Мұндай ұйымдар, сондай-ақ, беретін несиесі үшін (мейлі ол аса ірі мөлшерде болмаса да) кепілдік талап етеді. Ол кепілдік басқа емес – құжат.
Жеке бас куәлігі немесе төлқұжаттың өзі. Елімізде жеке басты куәландыратын құжатты кепілдікке қою заңмен тыйым салынғанын және оның арты ірі алаяқтыққа апаруы мүмкін екенін ескеру керек. Бірақ, бұл талаппен таныс болса да олар мән беріп отырған жоқ. Шағын несиелік ұйымдардың қызмет көрсету сапасының төмендігін де айта кеткен жөн. Несие алушыға жеңілдік ұсыну деген дүниелер оларға мүлдем жат. Сіздің жасаған өтініш, сұраныстарыңызды елемей қою олар үшін түк емес. Мұндай мекемелер қызметінің тағы бір күмәнді тұсы қарызын қайтармаған клиенттерден несие өндіру тетіктерінде жатыр. Қарызыңызды қайтармай қойсаңыз олар сізді ешқащан тікелей сотқа бермейді. Оның орнына борышкерлермен жұмыс істеу жөніндегі қызметтердің көмегіне жүгінеді. Сотқа да солар береді. Неге дейсіз бе? Шағын қаржы ұйымдарының дені қызметтерінің заң аясында және таза екеніне кепілдік бере алмайды. Несиені дер кезінде төлей алмаған қазақстандықтарға коллекторлық қызмет тыным бермеуде. Тіпті, қарызын кешіктірген күндерге еселеп қайтаруға мәжбүрлеп жатқан көрінеді. Міне осындай келеңсіздікті көре тұрып, халық тапқантаянғанын тұтастай банкке беруді әдетке айналдырған. Ол төлемнің басым бөлігі банк еншісіндегі үстемеақылар. Екінші деңгейлі кейбір банктер шекараның арғы бетінен 2-3 пайызбен алған қаржыларын халыққа 25-45 пайызбен беріп жатқанын ескерсек, болашақты бағдарлау қиын. Әлбетте, таяқтың екі ұшы бар. Қалай десек те, халық қарызға өмір сүруге құмарақ. Несие алып той жасап, несиемен үйін дүниемен толтыру қалыпты жағдайға айналғандай. Тіпті, азық-түліктің өзін несиеге рәсімдейтіндер де бар. Бес жыл бойы жүргізілген ауқымды зерттеудің нәтижесінде Гарвард университетінің ғалымдары жұрттың лаңкестіктен емес, қаржы мекемелерінен көбірек зардап шегетінін дәлелдеп шықты. Олардың мәліметінше, осы мерзім ішінде 40 мыңға жуық адам қаржылық қиындықтар салдарынан өз-өзіне қол жұмсаған көрінеді. Жарайды, ардан безгендердiң iсiн қоя тұрайықшы. Мына заңды тiркелген банктердiң халыққа көрсетiп жатқан қызметiн қалай түсiнемiз. Жұрттың жыртығына жамау болып отыр ма? Керiсiнше, халықтың қалтасындағы соңғы тиынына дейiн қол салып отыр ма? Осы Қай банктi алып қарасақ та пайыздық мөлшерлемесi тым жоғары, ең төменгiсiнiң өзi 16 пайызды құрайды деседі. Бірақ, 16 пайызбен несиесін жапқан бірде-бір жан жоқ. Себебі, жасырын үстеме пайыздар жетерлік. Барлығын қоса есептей келсеңіз, 40 пайыздың үстіне еркін шығып кетеді Осы тұста белгілі экономист Мақсат Халық Қазақстандағы қайтарылмаған несиелердің көбею себебі, қымбат кредиттер және халықтың қаржы бойынша сауатын ашуға қатысты өз ойын ортаға салды. – Банктер жеке тұлғаларға оңды-солды несие мақұлдады. Елдің қарызға шырмалуының тағы бір себебі - несие пайызының жоғары болуы. Елімізде кредиттің жылдық тиімді пайыз мөлшерлемесі қазіргі уақытты 56 пайыз болып тұр. Бұл - өте жоғары. Бұл азаматтарға үлкен ауыртпашылық екенін көп жерде айтып жүрмін. Менің ұсынысым - ең жоғарғы шегі 30 пайыз болсын. Өйткені бізде базалық пайыз мөлшерлемесі - 16,5 пайыз, 16,5 пайызбен 30 пайыз арасында банктер өздеріне керек табысын таба алады. Сондықтан халықтың қаржылық сауатын аттыруға барынша күш салу қажет. Әрине, ол кешенді, үлкен сипатта болуы керек, мемлекеттік бағдарлама ретінде және мектепте 3-4 сыныпта "Қаржылық әліппе", кейін 6-7 сыныптарға "Экономикаға кіріспе" деген пән, 9-10 сыныптарда "Іскерлік негіздері" секілді кәсіпкерлікке баулитын пән жүрсе, меніңше, балаларымызды болашаққа сауатты етіп дайындай аламыз. Университет қабырғасында да арнайы пәннің болуы маңызды. Одан кейін мемлекеттік телеарналарда қаржылық сауатты арттыру бағдарламалары болса, одан бөлек, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтын меніңше жаңарту керек, түрлендіру керек. Өйткені бізде "акция, облигация сатып аласыздар" деп халықты алдап жатқандар бар. Алаяқтарға ұрынбау үшін мемлекет орталықтандырған түрде қаржылық сауатты қолға алуы керек.
Осы бір ресурстың маңызды екенін көрсету керек. Сол жерге бүкіл керекті акпарат, қаржылық алаяқтардан сақтану, депозиттерді басқару, жинақтарды басқару, оны көбейту, инвестициялау және тиімді несие алу жолдары деген сияқты нақты-нақты мәліметтер жүктелсе құба-құп. Осы арқылы біз елімізді белгілі бір дәрежеде қаржылай сауатты болуға баули аламыз, – деп үндеу жариялады. Ал, Қазақстан шағын несие ұйымдары қауымдастығының директоры Анатолий Глуховтың айтуынша, қолданыстағы заңға сәйкес, шағын несие ұйымдарының қызметi лицензияланбайды және реттелiп отырған жоқ дейдi. «Шағын несие ұйымдарын құру және жұмысын жүргiзу шарттары либералдық деуге болады. Сондықтан да осындай мекемелер елiмiзде көбейіп кеткен. Айталы, бiзде үлкендi-кiшiлi 37 коммерциялық банк бар екен. Алайда, қандай қажетiмiзге жарап жатыр. Жақында саяси шешiмдер институты мынадай қызық мәлiметтi алға тартты. Елдегi тұрғындардың жартысына жуығы, яғни 45,7 пайызы несиеге байланған. Ал аймақ бойынша алып қарар болсақ, көрсеткiш әртүрлi. Алматы мен Астана халқының үштен бiр бөлiгi борышкер болса, солтүстiк өңiрде 40 пайызға жуығы, басқа облыстарда тұрғындардың жартысынан астамы қарызға белшеден батқан. Әсiресе, шығысқазақстандықтар несиеге аса құмар болып шықты. Мұндағы халықтың 63,1 пайызы берешек. Осындай мәлiметке қарағанда, елiмiзде несиеге тәуелдi адамдардың көбейiп бара жатқаны байқалады. Биылғы жылдың бiрiншi жартысының қорытындысы бойынша, банктердiң 79 пайызында несиеге деген сұраныс артқан. Осы орайда елiмiздегi банктердiң бiрнешеуiнiң пайыздың үстемелерiне көз жүгiртiп көрейiкшi. Айталық, БТА банкiнiң «Жедел жалақылық» деп аталатын несие бағдарламасының жылдық үстемесi 24%-дан асса, «Жедел баламалы» деп аталатын түрi 29%-дық үстемеден басталады екен. «Каспийдiң» несиелiк бағдарламаларының көпшiлiгiнде пайыздық ставка 20%-дан төмен емес. Одан өзгесi де жетiсiп тұрған жоқ. «Жеке қолма-қол» аталатын несие бағдарламасының пайыздық ставкасы 23-25%, «Оңай экспресс» бағдарламасы арқылы қарыз алсаңыз жылына кем дегенде 17-18% аралығында үстеме қосып бересiз. Автокөлiк алам дегендерге үстеме 13-15% аралығында. Бұдан өзге «Еуразиялық», «Халық» банктерiнiң несие шарттарын зерттеп көрдiк. Барлығының пайыздық үстемесi жоғары. Мұның барлығы тек қана жеке тұлғаларға берiлетiн, шағын және орта сомадағы экспресс несиелер екенiн айта кетейiк. Осы тұста, аудандағы қаржы саласының ардагері Жамур Мүсілімнің өз айтары бар: – Қазір сананы тұрмыс билеген уақытта, “несие алмаңдар” деп айта алмайсың. Жұрт жейтін тамағының емес, несиенің жайымен шапқылап жүр. Осыны банктерді оңтайлы пайдаланып отыр. Бұрын несие алатын болсақ, айлық табысты есептеп, жұмыс орнынан арнайы анықтама алдыратын. Ал, қазір үйде отырыпақ, телефон арқылы ала беруге болады. Жүз мың айлық алатын болсаң да, екі жүз мың кредит бере береді. Банктердің пайыздық үстемақысы өте көп. Шын мәнісінде, елімізде халықтың 90 пайызы несиенің нәубетін арқалап жүр. Мәжіліс депутаты Абзал Құспан деген азамат өте жақсы бастаманы қолға алып, оңтайлы ұсыныстар айтып жатыр. Мен толықтай келісемін. Сол несиенің зардабын менің балаларым да көріп жүр. Несие алмайын десе, қарекет ету үшін әжептеуір қаражат керек. Амалдың жоғынан банктердің есігін қағуға тура келеді. Дей тұрғанымен, несиені ақылмен алмағандар, үлкен пайыздары бар қарыздардың шырмауында қалып жатады. Нәтижесінде кепілдікке қойылған баспанасына дейін иелігінен кетіп, сан соғып жататын жағдайларда көп. Өйткені, біздегі банктердің үстемі ақысы өте көп. Бұл мәселе де өз шешімін табар, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын уақыт та келер. Халық шыдамдылық танытса бұл ауыр кезеңдерден де өтіп кетерміз, – дейді қаржы саласының ардагері.
Әлбетте, жоғарыда айтылғаннан бәрі ресми банкке қарызды арқау еттік. Одан бөлек, үлкенді-кішілі азық-түлік, киім-кешек дүкендерінің көпшілігінде елдің қарызын жазып қоятын «қарыз дәптер» бар. Дүкеншіге көзтаныс болып қалған келушілер ақшасы жоқ болса, «қарыз дәптеріне» берешегін жаздырып, қажетін ала береді. Біздің көнбіс халық күнкөріс үшін оған да көнген. Дүкеншіге тауарының қарызға болса да өткені керек, ақшадан қысылған жанға жаздырып болса да тамақ алып ішуі керек. Кент орталығындағы Хорасан ата көшесінің бойындағы 4-5 дүкенге кіріп шықтық. «Нұр-Ару» дүкенінің иесі Халима Болатқызы сауда орнын жалға алып, жұмыс істеп жатқанына бес жылдан асқан екен. – Күн сайын тауырдың бағасы қымбаттап жатыр. Ай түгілі емес, апта сайын баға құбылып тұрады. Шынымды айтсам, дүкенге келген екі адамның біреуі қарызға жаздырып әкетеді. Сенесіздер ме, жұрттың жаздырып алған азық-түліктің қарызы миллионнан асып кетті. Кейбір кісілер 50-60 мың теңгеге дейін қарыз. Кейбіреулері берешектерін бермей бой көрсетпей кетеді. Ақшасын 2-3 ай, тіпті жарты жылдан кейін әрең қайтаратындар бар. Қарыз кісілерге жаймен айтамыз, ұрысамыз, әйтеуір берешегін алуға тырысамыз. Өйткені, дүкенді жалға алып отырғаннан кейін, бізге де оңай соқпайды, – дейді ол. Екінші дүкендегі сатушы Жанат Қасымбекова қарыз сұрап келген қазақты көргенде бермей жіберуге арым жібермейді дейді сатушы: – Мына жаңа жыл жақындап, мереке қарсаңында тауардың бағасы қатты қымбаттады. Темекі мен арақ бағасына 50-100 теңге қосылды. Шоколадтар 40-50 теңгеге өсті. Жалпы, тауардың бәрі қымбаттап кетті ғой. Жұрт бағаны құдды мен өсіріп жатқандай ренжиді, көтерме саудадан жеткізетін бағасы сол болса не істейміз?! Қарызға бермесең, ренжіп, дүкенге келмей кететіндер бар. Бізге адамдардың көп болғаны керек, әрине, олар төлем төлеуге қабілетті болса жақсы ғой. Айналадағы дүкендердің бәрінде де жұрттың қарызын жазып отыратын «қарыз дәптер» бар. Міне, қазір сатып алушылардың дүкенге қарызы 700 мыңнан асады, – деп сатушы. Әлбетте, таяқтың екі ұшы бар. Қалай десек те, халық қарызға өмір сүруге құмар-ақ. Өкінішке қарай, халқымыз несиені еселеп алуға тырысып-ақ бағуда. Несиесін төлей алмай талайлар кепілге қойған баспанасынан айырылып жатқаны да, қарызын төлей алмаған кейбір шаңырақтың ортасына түсіп жатқаны да шындық. Ал олардың қаржылық сауаттылығын арттыруға, несие пайыздарымен дұрыс жұмыс істеуді үйрету бағытында елімізде ешқандай жүйелі жұмыстың жүргізілмей жатқаны жанға батады. Егерде осы бағытта нақты жұмыстар жүргізілетін болса, «қатықсыз қара су ішсе де» бойына сіңіп, ұйқы тыныш, көңілге кірбің түспей қарызсыз өмір сүруге әдеттенер ме еді.
Барлығында ұқсас жағдай, ол сапалы шикізаттың тапшылығы. Технологтың болмауы, осы сала бойынша жаңа буын жас мамандарды дайындап оларды соңғы финишпен қызықтыру. Соңғы финиш деп отқанымыз сол жерде өңдеп дайын өнім өзімізде шығару. Аяқ киім, киім, жаға, сөмке, белдік, тон, және өзге де былғарыдан жасалатын тауарлар. Қазіргі ескі құрылғылармен жартылай өнім дайындалатын жүйеге жастардың қызығушылығы төмен. Елімізде небәрі 6 тері өңдеу зауыты бар. Қазақстандағы аяқ киім шығаратын фабрика, цехтардың 15- 20 пайызын ғана қажеттілігін қамтамасыз ете алады екенбіз. Қалғанын шет мемлекеттерден алуға мәжбүрміз. Бір өкініштісі, шикізаттың контрабандалық жолмен шет ел асып кетіп жатқандары да кездеседі. Шикізатты шетке өткізбейміз, өзімізде дайын өнім шығарамыз деген мақсатпен тері сыртқа шықпай қалды. Мал терісі тау-тау болып үйіліп жарамсыз болып қалды. Бірақ дайын өнімді шығаруға дайын тұрған жүйенің жетіспеушілігі кәсіппен айналысамын деушілерге кедергісін келтірді. Теріні сыртқа шығарса өз талабына тура келетін сапалы терілерді алып, жоғарыда айтылғандай кесілген, тесілген қалдық тері кәдеге жарамай кәсіпкерді тағы да қыруар шығынға батырып, зауыттардың жұмысы тұралап, тоқтап қалу, тауар бағасының қымбаттау қауіпі тағы бар. Мәселен аяқ киім фабрикалары дайын былғарының 1 дециметрін Алматыдан 60-62 теңгеге алса, Түркиядан 150- 160 теңгеге алады. Содан кейін баға қымбаттайды. Ішкі нарықты сақтап, оны үйлестіру керек-ақ. – Қандай мәселелерді байқадыңыз? – Шикізатқа қабылдайтын тері сапасының төмендігі, екінші, мемлекет тарапынан қолдаудың болмауы (субсидия, дотация, т.б), үшінші, шет елден келетін тері өңдеуге арналған химиялық қоспаларға, құрылғыларға, басқа да қосымша заттарға кедендік баж салығын алып тастау керек. Төртінші, малды арнайы қасапханаларда (убойный цех) талапқа сай сою, бесінші, төрт түлікке оқыраға қарсы арнайы екпелерді, дәрі дәрмектерді салып, оларды үнемі ветеринарлық бақылауда ұстау. Алтыншысы, Қазақстанда желатин өндіретін зауыт салу, ол жарамсыз теріні қабылдау орыны болмақ. Міне, аудандағы жауапты сала мамандары осылай түйін шығарды. Бұл терінің айналысындағы кәсіптің бірі. Енді келесі бағытқа ойыссақ. Келесі кезекте аудандағы мал өндірісіндегі ең сұранысы көп бағыттың бірі мал сою ісі. Яғни, ет сату бағыты қазір нарықта бірінші кезекке шықты. Сондықтан, ет бағасы да сан құбылып, жылдан жылға өсімі байқала бастады.
Біздің ауданда талапқа сай келетін мал сою пункті санаулы ғана. Солардың ішінде заманауи құрылғымен жабдықталғаны Қыркеңседегі Серік Мырзабаевтың шағын цехы. – Қазір осы аймақтағы ауыл тұрғындарының малын сойып, мүмкіндігінше көмек беруге дайынбыз. Қазір сұраныс жаман емес. Автоматтандырылған мал сою пунктінде барлық ветеринарлық талап сақталады. Ең бастысы етті сақтайтын мұздатқыш бөлме бар, – деді шаруа төрағасы. Сүт шығару өндірісі тым кенжелеп қалды. Жоғарыда айтқандай, Мемлекет басшысы биылдан бастап әрбір өңірде сүт фабрикаларын салуды тапсырды. Әзірге аудан көлемінде сүт шығаратын, зауыттар жоқ. Тіпті, ешкі мен жылқының сүті, яғни, саумалын үлкен кәсіп етіп отырған шаруалар да жоқтың қасы. Соңғысы біздегі шағын кәсіптің бірі де бірегейі құрт шығару өнеркәсібі. Қазір құрт кәсібі нарықта үлкен сұраныста. Біздің ауданның өзінде таза, қоспасыз құрттың келісі 4 мыңнан асып жығылады. Жылдан жылға құрт бағасы өсіп барады. Осыны ескерген түрлі өндірістер қоспасы көп құрттарды шығара бастады. Бағасы қалтаға қонымды, бірақ, жеуге келгенде өте дәмсіз. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Ұлпаш апамыз осы атакәсіпті серік еткеніне 8 жыл болыпты. Бастапқыда немерелерге деген үй тірлігі бүгінде бизнеске айналып барады.
– Шыны керек, мемлекет қолдауын әлі сезінбедік. Өз бейнетімізді көріп, айналамыздағы дүкендерді, ауылаймақты қамтамасыз етіп отырмыз. Негізі кәсіп ретінде қаймақтан бастаған болатынбыз. Кейіннен “Кәусар” жүгері сусынын шығаратын цехпен бірге ары қарай еңбектендік. Алдымен сүттің қаймағын алып, одан кейін қалған сүтті ұйытып, айран етемін. Ал, айранын жүгері сусынының құрамына қосу үшін алады. Өйткені, оларға майлылығы жоғары айран болмайды, сол себепті бізден майлылығы аз айран алып жүрді. Қазір серіктес емеспіз, ол кісілер өздері бөлініп, өнім шығаруды жолға қойды. Жалпы құрт, қаймақ, май өніміне нарықта сұраныс өте үлкен. Қазір жұрттың барлығы табиғи өнімге бет бұрды. Сондықтан, тапсырыс та, ұсыныс та өте көп. – Қандай ұсыныс келді?
– Осыдан бірнеше жыл бұрын Астанадан арнайы таныс кәсіп иелері келіп, біуниверлер маңынан дүкен ашып, осы кәсіпті елордада бастауды ұсынды. Әрине, баруға болады, бірақ, оған мүмкіндік еш болмады. Біз тұтынушыларды толықтай қамтамасыз ете алмайтынымыз рас. Шикізат көзі еселеніп жатқан жоқ. Сондықтан ұсыныстан бас тартып, әзірге туған өлке Кейден ауылынан ісімізді дөңгелетіп отырмыз. Ынтымағы жарасқан ауылдың тұрмыс тіршілігін түсіругк бір жылдары ұлттық арнадан тілшілер келген болатын. Сол жобаның ішінде мен де еніп, арнайылап шағын кәсібімді түсіріп кетті, – дейді ол. Иә, қазір нарық табиғи өнімнің бағасын шарықтатып жіберді. Ол кәсіп иелеріне дұрыс, дегенмен, ірімшік, құрт, қаймақтың бағасы отандық өнімнің нарығына сай келмей тұр. Ұлпаш апамыз құрт өнімі, оның құнарлығы, пайдасы туралы толықтай талдап берді. Әсіресе, малдың жем-шөбіне аса қатты мән беру керектігін ескертті. Судың тапшылығынан асқабақ егуге қол байланып тұр, әйтпесе, көбірек дән тастап, қыс бойы малымызды асқабақпен қоректендіретін едік дейді. Өйткені, асқабақтың құрамында дәрумен өте көп болады. Мемлекеттен субсидия, жеңілдіктер қаралып, аяқ судың мәселесі шешіліп, ауыл маңынан төрт түліктің қысқы азығын дайындайтын жұмысты жүйелесек дейді. Ауданда өтетін көрме, байқауларға кейіпкеріміз өз өнімдерін жиі шығарып тұрады екен. Бұл тақырыпты тереңірек зерделеу керекпіз. Біз әзірге құрт бизнесінің ақсап тұрғанын, оның табысы көл-көсір екенін тілге тиек еттік. Міне, біз бүгін төрт түліктен тиын тауып, тау тұрғызуға болатын шағын кәсіптердің бірен-сараңын ғана сөз еттік. Оның ішінде, қолда бардың қадірін біліп, шағын кәсіптің шырайын кіргізу туралы сөз еттік.
Қалғаны уақыттың еншісінде...

Әлібек Жарықбаев

05 қаңтар 2024 ж. 96 0