» » Кітапханашылар тәжірбие алаңында бас қосты

Кітапханашылар тәжірбие алаңында бас қосты



«Жақсы кітап – жан азығы». Адам баласын кемелдікке бастап, рухани азық, ғылым мен білімнің терең тұнығынан сусындатар мәдени орын – кітапхана болса, сол кітапхананың тіршілігіне дем беріп, ұлттық құндылықтар мен рухани байлығымыздың арасын жалғастыратын дәнекер – кітапханшы. Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен №242 негізгі орта мектеп базасында «Кітапхана жұмысындағы заманауи әдіс-тәсілдер» тақырыбында тәжірбие алаңы өткізілді.
Осы ретте аудандық кітапханашылар арасында тәжірбие алаңы яғни кітапханашылардың біліктілігін, өз кәсібінің шебері екендігін сынау, тәжірибе алмасу мақсатында «Тәжірибе алаңы» өтті.
Кітап адамзат мәдениетінің ең ұлы туындыларының бірі, кез-келген елдің мәдениетінің ең бастысы – кітапхана. Кітапхана-ғасырдан ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей жалғап келе жатқан, шырағы биік парасаттылық пен білімділіктің, байтақ пен біліктіліктің киелі ордасы. Қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар – ең қажет, абыройлы мамандық иелері.
Атаулы шарада «Кітап алтын қазына» атты кітап көрмесі таныстырылса, «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша тәжірбие алаңы ашылды. «Lego-Lenga» үстел ойыны, «Read» жариялау жобасы, «Алтын сақа» ойыны, «Ұшқыр ой мен шешен тіл» интелектуалдық ойын, «даналық әліппесі» ұлттық ойыны ерекше қызықты әдіс-тәсілмен өтті.
Бұл – кітапханашыларды қолдау мақсатында өткізіліп жатқан шара. Ауылдық округтердер мен кенттегі кітапхана қызметкерлері бас қосып, өте жақсы жұмыстарын көрсетті. Жас ұрпақтың бетін кітапқа бұрып, ықыласын кітапханаға аударатын осындай игі бастамалдың жастарға берері мол, сондай-ақ инабатты да, еңбекқор, табиғатынан зиялы, кез-келген қиындыққа төтеп бере алатын кітапханашылардың игілікті істері қоғамға әрдайым қажет.
26 қараша 2023 ж. 173 0