№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » КІТАПХАНА – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ОРДАСЫ

КІТАПХАНА – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ОРДАСЫ


Ғасырдан ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей алып келе жатқан шырағы биік, парасаттылықтың киелі ордасы, бұл – кітапхана. Ол оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал, сол киелі орда мен кітапхананың тіршілігіне жан беріп, ұлттық құндылықтарды шәкірт бойына сіңдіруіне себепкер саналатын кітапханашылардың еңбегі қашанда мәртебелі.


Бүгін біз сөз еткелі отырған Алма­гүл Құлбабаева Кеңес ауылындағы Т.Әбдірашов атындағы №239 орта мектебінде кітапханашы. Отыз екі жылдық еңбек өтілі бар Алмагүл Шымбайқызының бүгінге дейін еткен еңбегі, жеткен жетістігі бір төбе. Қашанда ойлы оқырманның қасынан табылып, рухани көмекшісі болып жүреді. Оның айтуынша, кітапхананың жалпы қоры - 9276. Ал, тұрақты оқырман саны - 200.
Шыны керек, кеңестік кітапханашы үнемі мәдени рухани шаралар мен акциялар ұйымдастыруда белсенді. Мәсе­лен, «Көп оқып, көп білуге ұмтыл! 30 кітап» жобасы, «Ана сүтіндей құдіретті ана тілі» атты мерекелік шара, «Мейірімділікпен имандылықты кітаптан үйрен» атты өткізген тәрбие сағатының оқушыларға берер тәлімі мол. Оған қоса, Алмагүл апай «Бүгінгі білім, ертеңгі байлығым жырын оқы Дулаттың» «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында көрнекті ақын Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арнап оқушылар конференциясын өткізген.
– Әрине, кітапханашылық қызмет ізденісті, жауапкершілікті талап етеді. Осы жолда еңбек етіп келе жатқан сала мамандарының еңбегі еселі. Біздің кітапхана да тұрақты түрде ақын жазушылардың есімін ұлықтап, еске алу кештерін ұйымдастырып отырамыз. Жыл сайын Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай «Есіңе мені алғайсың» поэзия кеші, «Поэзия падишасы» Фариза Оңғарсынованы еске алу кеші соның дәлелі. Одан бөлек, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» раманы бойынша оқушылар конференциясы, Мағжан Жұмабаевтың «Ақбілек-қыз тағдыры, кеше, бүгін» конференциясына озық ойлы оқушылар белсенді қатысып, өздерінің ақындық қырларынан танылып жатады. Бір сөзбен айтқанда кітапхана – рухани жаңғыру ордасы, – дейді Алмагүл Құлбабаева.
Сондай-ақ жыл сайын оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Үздік оқырман» сайысын өткізіп тұрады. Нәтижесі де көңіл қуантарлық. Кітапқұмар шәкірттер бірқатар аудандық, облыстық мүшай­раларда жеңіс тұғырынан көрініп, мектеп абыройын асқақтып жүрген жайы бар.

МАЭСТРО АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП
Айрықша атап өтерлігі, аудан бойынша 2017-2018 оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеуде ең жоғарғы балл жинаған екі оқушының бірі осы Кеңес ауылындағы №239 орта мектептің түлегі, «Алтын белгі» иегері Әйгерім Сахибқызы. Ол 124 балл жинап, замандастарынан оқ бойы озып, үздік шықты. Бұдан бөлек, үш оқушы 100 баллдан асыра жинап, Асқар Жүсіпбаев басшылық ететін №239 орта мектеп ауданда ҰБТ қорытындысы бойынша 93,2 балл көрсеткішпен үздік үштікті түйіндеді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Майра Тұрғанбаеваның айтуынша, 2017-2018 оқу жылында №239 жалпы орта мектепке ҚР халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, дирижер Төлепберген Әбдірашевтің есімі беріліп, қоғамдық негіздегі мұражайы ашылған. Болашақта осы мектептің алдына Төлепберген Әбдірашевтің ескерткіш-бюсті орналастырылады екен.
Иә, қай заманда болсын, адамды алға жетелейтін білім десек, бүгінгі ХХІ ғасырдағы ғылым мен техниканың шарықтауы адамзат баласының қол жеткізген биік беселесінің бірі. Ал, осынау биік белесті бағындырып, болшаққа қызмет ететін сапалы ұрпақты тәрбиелеуде №239 жалпы орта мектептің таудай талабы, қарышты қадамы бізді қуантты.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ.
25 мамыр 2019 ж. 1 957 0