Құрылтай

№54 (8968) 21

21 шілде 2026 ж.

№53 (8967) 18

18 шілде 2026 ж.

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Кітап оқуға сенімділікті арттыру маңызды

Кітап оқуға сенімділікті арттыру маңызды



Аудандық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында №247 орта мектеп базасында «Кітап адамзат баласының баға жатпес асыл қазынасы» тақырыбында аудандық семинар болып өтті.

Кітап – білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды. Кітап оқу баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мен қатар адамның ой-өрісін кеңейтіп, білімін арттырады.
Атаулы семинардың мақсаты – кітапханашылардың кәсіби шеберлігін шыңдай отырып, озық тәжірибелерді анықтау, балалар мен жасөспірімдердің арасында кітап оқу мәдениетін арттыру. Сондай-ақ, кітап адамзат баласының баға жатпес асыл қазынасы екенін ұғындыра отыра, кітап оқуды дамыту.
Іс – шара соңында келген кітапханашылар арқылы кері байланыс білдіріп, алдағы уақытта бүгінгі семинардан алынған әдіс – тәсілдер мен мәліметтерді өз жұмыстарынан көрініс табатындарын айтып, тарқасты.
23 шілде 2023 ж. 534 0