№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті



Бүгін "AMANAT" партиясы Жаңақорған аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Комиссия отырысында күн тәртібінде 2 мәселе қалды.
1. Жаңақорған ауданы бойынша Бақылау бекеті орналастырылған құрылыс обектілерінің жұмыстары туралы;
2. «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасындағы «Өнеркәсіп пен кәсіпкерліктің дамуы» тармағының орындалуы туралы
Күн тәртібіндегі 1- ші мәселе бойынша сөз алған аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы А.Мажитов «Жаңақорған ауданы бойынша жыл басынан бері 8 құрылыс нысанына партиялық бақылау бекеттері орнатылған. Қазіргі таңда оның 4 нысан пайдалануға берілді. Атап айтқанда Бірлік, Қыраш елді мекендерін газдандыру жұмыстары мен М.Нәлібаев ауылындағы спорт кешені және Жайылма ауылдық округіндегі клуб үйі пайдалануға беріліп отыр. Алдағы уақытта Өзгент ауылдық клуб үйі пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ал қалған МАИ бекетіндегі 300 орындық мектеп құрылысының жай-күйімен өздеріңізде таныссыздар. Құрылыс қарқыны бәсең жүруінің салдарынан берілу уақыты кешеуілдеуде. Қаратөбе ауылдық округіндегі амбулаториялық емхана құрылысы қазіргі таңда жүріп жатыр. Ал Саяжай мөлтек ауданындағы «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынғалы отырған 600 орындық мектеп құрылысы енді басталғалы отыр. Бүгінгі таңға дейін аталған құрылыс нысандарына партиялық бақылау жүргізіліп келді. Әлі де жалғаса бермек» - деп бүгінгі таңға дейін жасалынған жұмыстарға тоқталып өтті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшесі, аудандық «Мансап» орталығының директоры Тұрлыбеков Жаңабек Оразбекұлының хабарламасы тыңдалды.
Отырысқа қатысқан комиссия мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, айтылған ұсыныстар назарға алынды.
27 қазан 2023 ж. 273 0