Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мақсат айқын, мүдде ортақ

Мақсат айқын, мүдде ортақ



Жаңақорған аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракция жетекшісінің орынбасары Лаура Бибасарова партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында орындалып жатқан шаралар мен мандатты иеленгеннен бергі төрт айдан астам уақытта атқарған жұмысына есеп берді.
- Осы жылы өткен сайлауда депутаттық корпустың құрамы 73,3% жаңарғанын жеткізді.
Оның ішінде өз округінде «Аймақ экономикасын дамыту», «Инфрақұрылымдық жүйелерді жақсарту», «Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларының қолжетімділігін арттыру», «Әлеуметтік санаттағы азаматтар мен жастарды қолдау» және «Экологиялық жағдайды жақсарту» секілді 5 бағыт аясында атқарылған жұмыстарды саралады. Төменарық ауылдық округі бойынша табиғи газ жүргізілу жұмысы 50-60 пайызға атқарылғанын, аяқсу мәселесі бойынша көрші ауыл әкімдерімен, қауымдастық өкілдерімен арнайы жоба талқыланып, жатқанын, сондай-ақ 20 жылдан бері шешілмей келе жатқан ауылдық аурухана құрылысына келісім алынғанын, ауылдың 10 көшесіне асфальт төсеуге аудандық бюджеттен қаржы бөлінгенін хабардар етті. Ауылды жарықтандыру мәселесі бойынша да алдағы сессияға ұсынып, қолдау тапса тұрғындар үшін жасалған игілікті шара болатын еді деп түйіндеді.
Ал Жайылма ауылы бойынша. Бұл жөнінде келесі айда облыс тарапынан арнайы комиссия құрылып, жұмыс жүргізілетін айтты. Одан әрі балалар ойын алаңына демеушілік негізде сметалық жоба жасалып, алдағы сессияға ұсынылғанын айтты. Ауылға құдық қаздыруға және екі көшеге тас төсеуге бюджетке өтінім берілгенін айтты. Ауылда газ тарту жұмысы 30 -40 пайызға жүргізілгенін, алдағы уақытта бұл жағдай қатаң бақылауда болатынын тілге тиек етті.
Ал әлеуметтік санаттағы азаматтар мен жастарды қолдау тармағы бойынша жастар арасында жұмыспен қамтуды арттыру үшін қос ауыл бойынша: Жастар практикасына -1, әлеуметтік жұмыс орындарына -7, Қоғамдық жұмысқа – 15 жас жолданғанып отырғанын айтты.


                                                                                          Жаңақорған аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы

29 шілде 2023 ж. 232 0