№36 (8747) 7

07 мамыр 2024 ж.

№35 (8746) 4

04 мамыр 2024 ж.

№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » «AMANAT» партиясының кезекті XXХIII конференциясы өтті

«AMANAT» партиясының кезекті XXХIII конференциясы өтті



Бүгін «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының кезекті XXХIII конференциясы өтті. Конференцияға Жаңақорған аудандық маслихат төрағасы Сопбеков Ғалымжан Жарқынбекұлы, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Мажитов Арман Әбілпейсұлы, партияның Жаңақорған аудандық филиалының Саяси кеңес мүшелері, партия ардагерлері, Жаңақорған аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және «Жастар рухы» Жастар қанатының өкілдері қатысты.




 Жиынды «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы Мажитов Арман Әбілпейсұлы ашып, жүргізді.

 1. «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының 2021-2023 жылдары атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы;

 2. «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы Саяси кеңесінің жаңа құрамын сайлау туралы;

 3. «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезекті XXXІІ конференциясына делегаттар сайлау туралы;

 Күн тәртібіндегі бірінші мәселеге сәйкес «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының 2021-2023 жылдары атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы атқарған жұмыстары талқыланды.

 Күн тәртібіндегі екінші мәселесі бойынша партия филиалы Саяси кеңесінің құрамына тиісті өзгерістер енгізілді.

 Күн тәртібіндегі үшінші мәселеге сәйкес «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс XXXII есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайланды.

 Жиын барысында партияның аудандық филиалының төрағасы Арман Әбілпеисұлы партия алдында тұрған негізгі міндеттерді бірлесіп, сапалы жүзеге асыруға шақырды.
17 тамыз 2023 ж. 210 0