Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жолдау жаңа бағыттарға жетелейді

Жолдау жаңа бағыттарға жетелейді



Білім күні қарсаңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын тыңдадық. Президент Жолдауында көптеген кесімді пікірлер мен нақты тапсырмалар берілді. Президент халыққа жасаған кезекті Жолдауында еліміздегі жүргізіліп отырған Конституциялық реформаның негізгі бағыты - саяси-әлеуметтік жүйені жаңғырту арқылы әділетті Қазақстанды құру екендігін баса айтып, халықтың әл-ауқатын арттыру; тұрмысы төмен отбасылардың жағдайына көңіл бөліп, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайын жақсарту; кіші және орта бизнесті дамыту; макроэкономикалық жүйені тұрақтандыру; жаңа салық саясатын енгізу, өзге де бағыттарға “бір терезе” қағидатын енгізуді баса айтып өтті.
- Үкіметтің міндеті 2026 жылға қарай IT қызметінің экспортын 1 млрд долларға жеткізу;
- Білікті мамандар даярлау;
- Креативті индустрия орталықтары барлық облыс орталығында болуы тиіс;
- Алдағы 5 жылда кемінде 14 гигаваттық жаңа электр қуаты іске қосылады;
- Жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысын тездету және қолданыстағы зауыттардың қуатын барынша пайдалану;
- Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады, соның аясында Ұлттық гидрогеология қызметі қайта жұмыс істейтін болады;
- Суды нормативтен артық жұмсағандар оның ақысын жоғары тарифпен төлейді;
- Өңдеу өнеркәсібі шикізатты көңілге қонымды бағамен жеткілікті көлемде алуы керек;
- Өңдеу өнеркәсібін қолдау үшін шетелдің және еліміздің инвестоиларын бастапқы үш жылда салықтан және басқа да міндетті төлемдерден босатқан жөн;
- Аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын беру;
- Салықтық бақылау ісін толық цифрландырып, есептілік формаларын 30 пайызға қысқарту;
- Капиталды қайтару туралы заң аясында құрылып жатқан қор қаржысы елдік мәселелерді шешу үшін барынша тиімді және ашық жұмсалуға тиіс;
- Мұнымен қоса қарапайым еңбек адамдарын да назардан тыс қалдырмай ең төменгі жалақыны 85 мыңға көтеру керектігін қадап айтты. Мемлекет басшысы Жолдау соңында “Бұл жолда бәріміз бірлігімізді бекемдей білсек, ешқашан әділеттіктен аттамасақ, берекелі ел боламыз” деп қасиетті Отанды бірге өркендетуге шақырды.
06 қыркүйек 2023 ж. 196 0