Соңғы жаңалықтар

Әке отбасы тірегі

12 маусым 2025 ж. 1 191

ТАҚЫРЫПТЫҚ ҚАБЫЛДАУ

12 маусым 2025 ж. 70

№42 (8856) 10

10 маусым 2025 ж.

№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Жолдау маңызды қадам

Жолдау маңызды қадам


Бүгін партия филиалы жанындағы ақпараттық насихаттық топ мүшесі Асылжан Жолдасбеков Қаратөбе ауылдық округіндегі "Сұңқар" ШҚ жұмысшыларымен кездесіп, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіріп, ауыл шаруашылығын дамыту бағыты бойынша айтып өтті.


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа Жолдауында: "Жем-шөп дайындауға қажетті жер көлемін кеңейткен жөн. Сондай-ақ, егіс алқабына әр жылы әртүрлі дақыл егу талабын сақтау үшін тиісті бақылауды күшейткен абзал. Жайылымдық жерді тиімді пайдалану да өте маңызды. Қазір мал жаятын жерге шаруалардың қолы жетпей жүр. Мал басының амандығы және өнімділігі жергілікті ветеринарлардың тиімді жұмысына байланысты. Бұл, түптеп келгенде, ауылдағы ағайынның әл-ауқатына тікелей әсер етеді" – деген Асылжан Жолдасбеков халықтың әл-ауқатын арттыруға және саяси трансформацияны іске асыруға бағытталған бес бағытқа кеңінен тоқталды.

Ақпараттық насихаттық топ мүшесімен өткен кездесуде шаруа қожалығының жұмысшылары өздерінің көкейтесті сауалдарын жолдап, тиісті жауаптар алды.

21 қазан 2022 ж. 1 326 0