Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Маңызды міндеттер жүктеді

Маңызды міндеттер жүктеді


Бүгін ҚР-ның Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына кезекті жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы жолдауында мемлекеттілігімізді нығайту, ел экономикасын көтеру, ішкі және сыртқы саясатты күшейту, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру бағытында мемлекеттік деңгейде атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқтала келе алдағы жылдары атқарылуы тиіс маңызды мәселелерге баса назар аударды. Кешегі карантиндік шаралар кезінде күшейтілген режимде жұмыс жасаған медицина саласы мен құқық қорғау органдары қызметкерлеріне, еріктілер мен кәсіпкерлерге шынайы алғысын жеткізді. Дағдарыс жағдайында табысынан айрылған 4,5 мииллоннан астам жерлестерімізді қолдау шараларына 450 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалғандығын, 1 миллионнан астам адамдарға азық-түлік және тұрмыстық заттар қоржыны берілгендігін, сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен «Нұр Отан» партиясы атынан 550 мыңнан астам отбасы «Біз біргеміз» қорынан біржолғы көмек алғандығын да атап өтті. Ел Президенті алдағы жылдардағы міндеттерге тоқтала келе, білім, денсаулық салалары мен құқық қорғау жүйесіне айрықша мән берілетіндігін баса айтты. Пандемия кезіндегі медицина саласы қызметкерлерінің ерен еңбектерін сөз еткен Президент Қ.Тоқаев үкіметке денсаулық сақтау саласы қызметкерлерін қаржылай қолдау шараларына 150 млрд.теңге бөлуді тапсырды және 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан 2 есе артық болатындығын айтты. Отандық фармацевтика саласын аяғынан тік тұрғызуды жедел қолға алуды тапсырды. Сондай-ақ жақын арада қажеттіліктерге қарай еліміз бойынша 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынатындығына да тоқталып өтті. Иә, бүгінгі Жолдау жуық арада атқарылуы тиіс межелі міндеттерді нақты көрсетіп берді. Сондықтан біздер, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері Президент Жолдауын қызу қуаттай отырып, осы міндеттерден туындайтын шараларды іске асыруға атсалысатын боламыз және барша әріптестерімді Президент бастамаларын қолдай отырып бірлесе жұмыс жасауға шақырамын.

Я.К.Шорабаев,
Жаңақорған ауданаралық ауруханасының
бас дәрігері
---
01 қыркүйек 2020 ж. 542 0