Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Ел өркениетінің жаңа белесі жолдау

Ел өркениетінің жаңа белесі жолдау


Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына арналды.

Елімізді дамыту, әлемдік экономикадағы орнымызды одан әрі нығайту ел өркендеуінің басым бағыттары болып қала береді.
Өнеркәсіп, ауылшаруашылық кешенінде, кәсіпкерлік саласында қордаланған проблемалар өз алдына бір төбе. Бұл орайда, Ел Президенті жер ресурстарын тиімді пайдалану, салық кодексіне өзгерістер енгізу, елге қажетті білікті мамандар тарту, балаларды балабақшамен, мектеппен, студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету, әлеуметтік осал топтағы адамдарға көмектесу, медициналық сақтандыруды тиімді пайдалану, мал шаруашылығын жайылыммен қамтамасыз ету, ветеринария саласын дамыту, қолайсыз ауа-райының мәселелеріне тоқталып, нақты тапсырмалар берді.

Еліміздің басты байлығы - адам. Сондықтан, Жолдауда денсаулық сақтау саласына байланысты айтылған ұсыныстар мен денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру бағытында  берілген тапсырмалар тиісті деңгейде орындалар болса – жалпыхалықтың жиі қозғалатын мәселелердің түйінін тарқатады деп ойлаймын.

Соңғы жылдары Мемлекет Басшысының тікелей қолдауымен адами капиталды дамыту саласы қолға алынып, осының арқасында сапалық өзгерістерге куә болудамыз. Осынау үрдісті жалғастыру аясында балалардың болашағына қатысты нақты жобаларға көп көңіл бөлгені  әрине құптарлық жағдай.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған бүгінгі Жолдауында еліміздің алдағы кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары сараланып, оларға қол жеткізудің жаңа  жолдары көрсетілген. Әрдайым бір адым алға жүру қағидатына негізделген Жолдау елімізді өркениет өрісінің жаңа белестеріне бастамақ.

Аудандық маслихат депутаты Б.Төлегенов
13 қазан 2022 ж. 936 0