№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қылықсыз бала болмайды, бірақ...

Қылықсыз бала болмайды, бірақ...


Бүгінгі өзекті мәселенің төрінде бала тәрбиесі тұр. Бала құқы, балалар арасындағы әлімжеттік, тіпті зорлық-зомбылық мәселесі де бар. Осы тақырып төңірегінде қаншама талқылаулар, жиындар өткізілсе де, нақты нәтиже көрінбейді. Негізі бала болған соң тентектік жасауы заңды құбылыс. Тек қиыс жолға түсіп, ұрлық жасауға арланбай, алақолдыққа ұрынса қауіптің үлкені сол. Қазір ата-анадан бөлек ұстаздар, әкімдік, құқық қорғау саласы балалар арасында осындай жағдаймен бетпе-бет келуде. Не істеу керек?


Бәріміз де бала болдық, зәуіде біреудің бақшасынан алма немесе өрік ұрлап жеуді ұлы ерлік санадық. Қазіргі балалардың пиғылы қоғамды қатты алаңдатады. Жуырда бір емес, бірнеше жағдай орын алды. Соның ішінде соңғы болған үш жасөспірімнің әрекеті жанымызға батып тұр. Жас өрендер бөтеннің мүлкіне қорықпай қол сұққан. Бұл бойынша тергеп-тексеру, әке-шешесінен сұрақ-жауап алу басталды. Осы мәселе бойынша арнайы комиссия кезекті жиынын өткізіп, ортақ проблеманы ортаға салды. Аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында бала тәртіпсіздігі сөз болды. Жиынға модераторлық жасаған аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов:
– Министрліктен келген арнайы тапсырма бойынша жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын тиімді пайдалануда білім беру ұйымдары жұмысты неге дұрыс үйлестірмейді? Күнтізбе қойып, күніне бір мұғалім балалармен жұмыс жасаса соңғы уақыттардағы жағдайлар орын алмайтын еді. Біз оқиға болғаннан кейін ойланып, әрекет жасаймыз. Неге осындай олқылықтың алдын алып, әрекет етпейміз. Әсіресе, мұғалімдер осы мәселеге мұқият қарау керек. Комиссияда №125 мектептегі үш баланың тәртіпсіздігіне орай шара көруге тиіс құзырлы орындар – білім бөлімі басшылығы, аталмыш мектептің директоры мен орынбасарларынан тұшымды іс-әрекет көріп отырған жоқпыз. Ол балалар не үшін ондай қылыққа барды, қандай жағдай түрткі болды? Оны зерделеп жатқан ешкім жоқ. Бұл бағытта құқық қорғау саласы неге үнсіз? Біз сонда барлық жағдай әлеуметтік желіге тарағаннан кейін әрекет жасауымыз керек пе? Бұл өте қате, баланың болашағына бей-жай қарамайық, – деп тиісті сала басшыларына ауызша қатаң ескертті.
Төраға мұндай жағдайда жиындар сол білім ошағының қабырғасында өтуі тиіс деді. Бала­лар мен ата-аналарды жинап, дөңгелек үстел өткізуді де ұсынды. Қандай оқиға орын алады, сол аумақта бас қосуды ескертті. Әрине, талап өте орынды.
Сол ұрлықы әрекетке барған үш баланың жанұя жағдайы зерделенді, барлығы да то­лыққанды отбасының балалары. Тек кейбірі­нің әлеу­меттік жағдайы төмен екені рас. Бұл жиынның жалғасы бала қауіпсіздігі мәселесіне арналды. Қазір аптап ыстық, балалардың суға шомылуы, кешкі мезгілдегі бей-берекет жүруі жиілейді. Бұл да жиынға өзек болатын тақырып. Қарап отырсақ, балалардың олқы тұстары бірінші кезекте тәрбиенің осалдығынан туындайтын тәрізді. Алайда, оның ортасына да мән берген әлдеқайда абзалырақ. 6-7 оқитын бүгінгі балалардың ойлау қабілеті өзгерек болады. Сондықтан бұл екі-үш тараптың ғана емес, жоғары биліктен бастап, барша саланың көтерер жүгі болып тұр.
Иә, біз бала тәртіп бұзса, өзіне ұрысып, ата-анасына әкімшілік іспен айыппұл салуға дайын тұрамыз. Баламен әке-шешенің көзінше сөйлесіп, себеп-салдарын сұрамаймыз. Кінәлі ана мен әке және мұғалім. Ал, қоғам ше? Мүмкін бала сол нәрсеге мұқтаж шығар, жан-жақты түсіндіріп, басынан сыйпаса ол бала түзелер. Осындайда баланы жазасыз тәрбиелеудің өнегелі үлгісін көрсетіп кеткен ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с)- ның оқиғасы еріксіз еске түседі.
Бірде бір кісі бақшасында өсіп тұрған құрмасына тас лақтырған баланы пайғамбарымызға алып келді. Құрма иесі шағымын айтып, қабағы қатулы күйде баланы қалай жазалау қажеттігін сұрайды. Сонда Алла елшісі жайдары жүзбен, күлімдеген кейіпте: «Балапаным, құрма ағашына неге тас лақтырдың?» деп сұрайды. Сонда әлгі бала: «Қарным қатты ашты. Құрма жегім келді» деп жауап береді. Мұхаммед (с.ғ.с) балаға: «Жерге түскенін жей ғой, бірақ енді құрмаларға тас лақтырма, жарай ма?» деді. Содан кейін баланың басынан сипап, оған былай деп дұға жасады: «Уа, Алла тағалам! Бұл баланың қарнын тойдыра гөр!» деп.
Біз бұл оқиғадан өмірлік сабақ алаумыз қажет. Біріншіден ол жұмсақтықты көрсетеді, бала ата-анасынан жылулық сезінбейінше, оның бойында мейірім-махаббат оянбайды. Осы ретте Ардақты пайғамбарымыз балаға «балапаным» деп тіл қату арқылы оның жүрегіне жылулық сыйлай білді.Екіншіден мәселенің мәнін сұрау болып табылады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) жылы сөзбен не үшін құрма ағашына тиіскенін біліп, мәселенің анық-қанығына көз жеткізуге тырысып, баланы тыңдай білді. Үшіншіден, ол балаға тура жол көрсетуді мақсат етті. Хақ елшісі (с.ғ.с):«Жерге түскенін жей ғой, бірақ енді құрмаларға тас лақтырма, жарай ма?» деді. Міне, осы мысалдан сабақ ала білсек, баланың қате-кемшілігін бетіне басу – орынсыз, себебі бала өз қателігін өзі түсініп, көз жеткізуі дұрыс. Соңғысы, балаға дұға жасау. Себебі қайырлы ұрпақты пайғамбарлар да Жаратушыдан сұраған: «Бала бер, бала берсең сана бер, сана бермесең ала бер» деген қанатты сөз – қайырлы ұрпақ тілеуден туған ниет дұға іспеттес.Ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с) осы оқиғасы әрбір ата-ана үшін ғана емес, қазіргі қоғам үшін де үлгі боларлықтай.
Баланың тәрбиесі бәрінен маңызды. Оған кінәлілерді іздеп сарылып, қайта-қайта зерделеу жасау да аса маңызға ие емес. Осы ретте хәкім Абайдың: «Баланың жақсы болмағы бірінші – ата-анасынан, екінші – ұстазынан, үшінші – құрбысынан», – дегенін ескерсек, еркін ойлы, білімді де тәрбиелі, бәсекеге қабілетті ұрпақ өсіруде аталған үш негіздің маңыздылығын көреміз. Ендеше, ұрпағымызға ең жақсы тәлім-тәрбие беруге тырысайық.
Сөздің түйіні, бала қашанда балалығын жасайды, бұзық қадамға барады, тәрсіпсіздік танытады. Бірақ, ұрлық жасауы ұсақ түйк нәрсе емес. Кәмелетке жақындаған бала болса бір жөн, 5 сыныптан бастап барымташылыққа барған баланың болашағы не болады. Мұның жауабы да, шешімі де бар. Тек қоғам тиянақты тірлік етуі керек. Қалғанын уақыт көрсетеді.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
24 шілде 2023 ж. 179 0