№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » БАЛАЛАР СУИЦИДІ: ҚАЗАҚСТАН АЛҒАШҚЫ ОНДЫҚТА

БАЛАЛАР СУИЦИДІ: ҚАЗАҚСТАН АЛҒАШҚЫ ОНДЫҚТА


Қазақстан балалар арасындағы суицид бойынша жетінші орынға шыққан деп хабарлайды zhanaqorgan-tynysy тілшісі KTK арнасына сілтеме жасап.
Иә, Денсаулық сақтау министрлігі бұл статистиканы растап отыр. Балалардың өзіне қол жұмсауы қоғамда үлкен мәселе тудыратын тақырып. Соңғы кездері әлем бойынша балалар арасындағы суицид артып келе жатқанын басылымдар жарыса жазуда. Оның негізгі себебі, қоғамда және отбасында көретін қорлық, зорлы-зомбылық екен.
Жыл сайын әлемде 44 миллион балаға түрлі сипаттағы күш көрсетіледі екен. Психологтардың айтуынша, бала кезінен мұндай психологиялық жәбір көрген бала суицидке ұзақ дайындалады.
Әлем бойынша өз еркімен өмірімен қош айтысатын балалар саны жағынан алғашқы ондыққа Ресей, Латвия, Бельгия, Финляндия, Молдова және Украина елдері кіреді екен.
Ал, Қазақстан балалар суициді бойынша жетінші орында тұр. Жыл басынан бері елімізде 5 пен 17 жас аралығындағы 134 бала өзіне қол жұмсаса, 294 бала суицид жасауға талпынған екен.
Осы мәселені шешу үшін денсаулық сақтау министрлігі ЮНИСЕФ балалар қорымен арнайы жобаны енгізіпті. Жоба бойынша мүғалімдер пен мектеп психологтардың біліктілігін арттыру үшін олар кәсіби мамандардан тәлім алады екен.
29 қараша 2018 ж. 1 344 0