№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАЛАР ҮЙІ БОЛМАУЫ КЕРЕК

ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАЛАР ҮЙІ БОЛМАУЫ КЕРЕК

Бұл Елбасының сөзі. Президент бала асырап алу бойынша алғашқы ұлттық агенттік құруды ұсынды, деп жазады zhanaqorgan-tynysy сайтының тілшісі Нур.кз-ке сілтеме жасап. 
“Аналар үйі, жетімдер мені қатты алаңдатады. Қазақстана балалар үйі болмауы керек деп есептеймін. Мәселе қалай шешіледі? Рахимбаев қандай жолды таңдау керек екенін көрсетіп отыр”, – дейді Мемлекет басшысы кезекті жиналыста.
Яғни, қазақстандық балалар өз елінде қалып, отбасылардың асырауына берілуі керек.
“Елімізде бала асырап алуға мүмкіндігі бар жандар балалар үйінен бала асырап алсын. Бизнестің бұл әдісін қолдап, агенттік құруымыз керек”, – деді Ұлт көшбасшысы.
Айта кетйік, Сағадиевтің айтуынша соңғы үш жылда балалар үйі 24-ке қысқарып, қазір 122 мекеме жұмыс істейді екен.
“Бүгінде балалар үйі қысқарып жатыр. Балалар үйінде үлкен жастағы балалар бар. Біз патронатты отбасын құрдық. Олар балаларды алғанда мемлекеттен ақша төленеді. Осылайша 2 жылда балалар үйі қысқарады деп ойлаймын”, – дейді министр.
Иә,шындығында нәрестелердің ата-ананың қарауынсыз қалуы қоғамда үлкен үрей алып келеді. Әсіресе, құрсақтағы нәрестесін туа салып қоқысқа тастау сынға емес, сәнге айналған тәрізді. Сондықтан, ұлт болмысын көтеріп, келешегімізге сеніммен қарайық десек, онда бүгіннен әрекет еткен абзал...
01 желтоқсан 2018 ж. 1 002 0