Кіші футболдан аудандық турнир өтті
Жаңақорған аудандық прокуратурасының бастамасы бойынша спорт кешенінде "Жастар—есірткіге қарсы" іс-шарасы аясында кіші футболдан аудандық турнир болып өтті.
Шараны ашқан Жаңақорған ауданының прокуроры Дабыл Аянұлы бұқаралық—спорттық жарыстардың жастардың бос уақытын тиімді пайдаланудағы маңызына тоқталса, аудан әкімінің орынбасары Нуридинов Бектас Балғабайұлы мен аудандық полиция бөлімінің бастығы Ибраев Нұрлан Мерғалиұлы жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тілеп, жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілектестік білдірді.
Жастарды спортқа баулып, бұқаралық спортты дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен турнирге аудан әкімі аппараты, білім мен денсаулық сақтау саласы, мәдениет және спорт, құқық қорғау мен өрт сөндіру мекемелерінің мамандарынан құралған 7 команда бақ сынасты.
Тартысты өткен теңбіл доп додасы нәтижесінде I орынды аудандық денсаулық сақтау саласының "Шипагер" командасы