№51 (8865) 12

12 шілде 2025 ж.

№50 (8864) 9

09 шілде 2025 ж.

№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » 20 қазан: Машбек ауылында дәстүрлі турнир басталады

20 қазан: Машбек ауылында дәстүрлі турнир басталады


20 қазан күні Жаңақорған ауданы Машбек ауылында «Құрмет» орденінің иегері, еңбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған қазақ күресінен 1998-1999 жылдары туылған жастар арасында республикалық турнир, шағын-футболдан және волейболдан облыстық ашық турнирлер басталады. 
Спорттық жарыстардың мақсаты – Елбасының Жолдауынан туындайтын бұқаралық спортты дамыту, жастар арасында ұлттық спорт түрі қазақ күресін жандандыру, салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу. 
Турнир соңында қазақ күресінен «Түйе палуандар» сайысы ұйымдастырылады. 
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері медаль, грамота, кубок және бағалы сыйлықтармен марапатталады. 
20 қазан сағат 10.00-де спорттық жарыстар басталса, сағат 12.00-де қазақ күресінен республикалық турнирдің салтанатты ашылуы өтеді. 
Қазақ күресінен «Түйе палуандар» сайысы 21 қазан күні сағат 10.00-де басталады.
19 қазан 2018 ж. 1 388 0