Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 54

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жастар арасында стритбол ойынынан жарыс өтті

Жастар арасында стритбол ойынынан жарыс өтті



Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен аудандық денешынықтыру бөлімінің қолдауымен, «Жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен көше жастары арасында спортты, салауатты өмір салтын насихаттау және дамыту мақсатында стритболдан аудандық ашық турнир өтті.

Жарысқа Қызылорда қаласы, Шиелі ауданынан командалар келіп қатысты.
Спорттық шараны аудан әкімінің орынбасары Б. Нуридинов ашып беріп, спортшыларға сәттілік тіледі.
Аталмыш сайысқа барлығы 18 команда (ұлдар-14, қыздар-4) тіркеліп, сайыс 3х3 (3 ойыншы) форматы бойынша өткізілді. Тартысты ойынның нәтижесінде қыздар арасында І орын-Қызылорда қаласы командасы, ІІ орын-Шиелі ауданының командасы, ІІІ орын-Жаңақорған ауданының командасы иеленді.
Ал ұлдар арасындағы ойында І орын-Жаңақорған (1997ж) командасы, ІІ орын-Бесарық командасы, ІІІ орын-Жаманбай батыр командасы иемденді.
Турнир қорытындысымен-"Үздік ойыншы" номинациясына Жаңақорған (2006ж) командасының шабуылшысы Тұрсынқожа Жақсылық лайықты болып табылды. Жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан дайындалған арнайы дипломдар, медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

15 шілде 2022 ж. 458 0