№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жастар – ел ертеңі

Жастар – ел ертеңі


«Білекті бірді, білімді мыңды жығады». Бұл – ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын баба өсиеті. Осы ұлағаттан жастар тәлім алып, өмірде шындыққа айналдырса, ұтарымыз көп. Әрине, жастардың қабілет-қарымын шыңдауда бағыт-бағдар беріп отыру қажет-ақ. Аудан әкімі Ғалым Әміреев осыны естен шығарған емес. Тіптен, жастарды жақын тартып, кәсіби және шығармашылық тұрғыда кемелденуіне жағдай жасап жүреді. Жуырда Қыркеңсе ауылдық округінде өткен шарада соған куә болдық.
Алдымен ауылдағы білім ошағына табан тіреген аудан басшысы мектептегі өнерлі оқушылардың көрмесін тамашалап, әйнекке сурет салатын оқушының жұмысына баға берді. Одан әрі, мектеп ішіндегі спорт зал мен таеквандо залында белдесіп жатқан спортшылардың өнеріне куә болды. Қыркеңселік жігіттер ат спорты түрлері бойынша облыстық құраманың негізін құрайтыны белгілі. Сондықтан ауыл тұрғындары атты баптап-күтуден тәжірибесі мол. Ауылдың бір топ жастары аттың үстінде ойнап, аударыспақ, теңге ілу секілді ұлттық ойындарды ойнады. Осы ойындарды тамашалаған Ғалым Махмұтбайұлы алдағы уақытта ұлттық ойын түрлерінен жарыстар өткізу керектігін тілге тиек етті.
– Қыркеңсенің жастар ісі жөніндегі маманының нәтижелі жұмыс жасайтыны көрініп тұр. Ауылдағы әр жастың қайда, немен айналысып жүргенін білу өте маңызды. Бастысы – жастар жұмыссыз, бос жүрмеуі керек. Жұмыссызы болса, онымен байланысқа түсіп, қандай істі алып кететініне мүмкіндік барын анықтап, көмектесу керек. Алдағы уақытта аса көп қаржыны талап етпейтін спорт ойындарынан аудандық жарыс ұйымдастыратын боламыз. Сол спорт жарыстарына барлық елді мекендер дайын болғаны дұрыс, – деді аудан басшысы.
Одан әрі Қыркеңсе ауылдық округінің әкімі Жаңабай Орынбасаров жастар ісі жөнінде айтып, олармен түрлі бағытта жұмыс жасаудың маңызына тоқталды.
– Жастар келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз еңбегімен және күш-жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алуы қажет. Қазіргі таңда ауыл жастарын жұмысқа орналастыруға және маусымдық жұмыспен айналысатын жастарға бос уақытын тиімді өткізуге көптеген мүмкіндік жасалған. Ауылдағы 13500 кітап қоры бар кітапхана жастардың білімін шыңдау жолындағы таптырмас рухани орын болып отыр. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстануда қолданыстағы кіші футбол алаңы жастардың негізгі ортасы болып табылады. Сонымен қатар, жастарға арналған таеквандо, қазақша күрес,ережесіз жекпе-жек және клуб залы жұмыс жасап жатыр. Жалпы, ауылда 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 420, – дейді ауыл әкімі.
Ауыл әкімінің сөзінше, жастар арасында жұмыспен қамту мәселесі шешімін тапқан. Осы жылы ауылда алты жас жұмысқа орналасқан. Оның 3-і балабақшаға, 2-і ауыл әкімшілігіне, біреуі мектепке орналасса, біреуі қоғамдық жұмысқа тартылған. Ауылда бүгінгі күні жас кәсіпкер саны – 7 болса, 80 студент, 67 өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және 5 мүмкіндігі шектеулі жас бар. Ауылдың жастар ұйымы мен ауылдық клуб үйі бірлесе отырып, жастардың мәдени құндылықтарын дамыту жолында белсене жұмыс жасауда.
Сондай-ақ, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Әкімбек Әлібектің айтуынша, ауданда 14 пен 29 жас аралығындағы 2000 жас бар. Оның 200-і жұмыссыздар қатарында. Бүгінде мемлекет жастарды қолдау мақсатында түрлі жобаларды жүзеге асырып, жастардың қолжетімділігін арттыруда.
Ауыл әкімдері мен сала басшылары және тұрғындар басқосқан алқалы жиын соңында ауыл жастарының жағдайын оңтайландыруға байланысты ұсыныстар айтылып, сұрақтар қойылды. Талап ауылының жастар ісі жөніндегі маманы ауылдың футбол алаңындағы жасанды төсемесін жаңартуды өтінсе, өзгенттік маман алдағы уақытта өтетін спорт жарыстарын өз ауылында өткізуді сұрады. Аудан басшысы әр ұсыныс-пікірді тыңдап, айтылған мәселелер бойынша жұмыс жасалатынын жеткізді.

Айсұлу ӘЛІМБЕТ.
15 мамыр 2018 ж. 1 313 0