№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚОЖАМБЕРДІ АУЫЛЫ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ

ҚОЖАМБЕРДІ АУЫЛЫ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ


Ауылдың гүлденуі – елдің гүлденуі. Сондықтан, реформалар мен бағдарламалар ауыл халқының еңсе тіктеуіне бағытталып жатады. Осы тұста, атқарылып жатқан жұмыстардың игілігін ауыл халқы қаншалықты көріп отыр? Осыны білмекке аудан әкімі Ғалым Әміреев, облыстық мәслихат депутаты Мәдіхан Бекжанов,  облыстық статистика департаментінің басшысы Мариям Баекеева, аудандық мәслихат хатшысы Ерғали Ілиясов және сала басшылары Екпінді, Төменарық, Қожамберді, Сүттіқұдық ауылына арнайы барып, өткен жылы атқарған жұмыстарды пысықтап, 2018 жылдың жоспарын талқылады.


Елбасы Жолдауынан туындаған тапсырмаларды тиянақты орындап, әр іске жауапты қарайтын қожамберділіктердің биылғы жеткен жетістіктері бір төбе. Жер анадан нәпақасын тауып, төрт түліктен еңбегін айырған ауыл тұрғындары үшін өткен жылдың басты жаңалығы егіс алқабын жаңа технологиямен қайта өңдеу болды. «Тасболат-А» ЖШС-нің қаржы салуымен тың жерлер игерілді. Элиталы күріштің тұқымы аудандастырылды. Әрі агротехникалқ шарттарды уақытылы дұрыс орындауының арқасында ширек ғасырда қол жеткізбеген өнім алды.
Ауыл әлеуетінің артуы – елдің баянды болашағына балайтын ауылдық округ әкімі Молдахмет Нәлібаев ауыл халқы алдында өткен жылдың есебін беріп, алдағы жоспарымен бөлісті. Ауылшаруашылығы саласы бойынша «Қожамберді» шаруа қожалығы мен жеке азаматтар 202 га жерге ауылшаруашылық дақылдарын егіп, сапалы өнім алған. Сонымен қатар, «Қожамберді», «Бағлан-би» және «Нұрболат» шаруа қожалықтары мемлекеттен субсидия алып, кәсіптерін өркендетуде. Ал, ауылды абаттандыру жұмыстары бойынша Шаймен көшесінің бойына қоршау жүргізіліп, ауыл ішіндегі панолар, қоршаулар, аялдамалар сырланған.
         Ауылда оң істер атқарылып, жұмыстар нәтиже бергенімен ауыл халқы көкейіндегі ойларын ортаға салып, сауалдарын қойды. Ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Әлібек Бижанов ауыл әкімінің атқарған қызметіне көңілі толатынын жеткізіп, жаңа мектеп түскен 2-3 көшеге тас жол төсеп беруін сұрады. Сонымен қоса, ауыл тұрғындары атаулы әлеуметтік көмекті алудың жолдарын сұрап, елді-мекенге жаңа жедел жәрдем беруін өтінді.
19 қаңтар 2018 ж. 1 692 0