№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СЪЕЗД: СЕНІМ АРТТЫРУ

СЪЕЗД: СЕНІМ АРТТЫРУ


«...Мен жастардың сапалы білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына ерекше көңіл бөліп, соған басымдық бердім. Өйткені, сендер еліміздің ертеңі ғана емес, мен айқындаған мақсаттарды жүзеге асыратын буынсыңдар. Сендер, ата-бабаларымызға арман болған, біздің буын негізін қалаған Тәуелсіздікті баянды етіп, біздің жеңісті жолымыз бен жасампаз дәстүрімізді лайықты жалғастыруға тиіссіңдер». Бұл Елбасының «Жас Отан» Жастар қанатының IV Съезінде айтқан парасатты пайымы.
Иә, Ұлыстың ұлы күнімен ұштасқан жастар басқосуына елдің түкпір-түкпірінен белсенді жастар жиналды. Олар «Жаңа әлемге жол саламыз» атты жастардың Гала-форумінде бой көрсетті. Жастар жиынына Сырдың сәлемін Сарыарқаға 40-қа жуық жас жеткізуге жол жүрді.
Жалпы, Мемлекет басшысы әрбір Жолдауында жастардың бүгіні мен келешегіне үлкен мән беріп келеді. Себебі, бүгінгі буын ертеңгі елдің тұтқасы, тарихты жалғастырушы. Сондықтан, Елбасы келешекке сеніммен қарап, кемел қадамға басуға күш беретін «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруды нақтылап, тиісті міндеттемелерді жүктеді. Бүгінгі съездің басты мақсаты да осында. Яғни, «Жас Отан» жастар қанатының жарғылық құжаттарын реттеп, алдағы жұмысын жүйелеу. Әрі, Ұлт көшбасшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» мен Президенттің бес әлеуметтік бастамасы талқыланды.
Сонымен, екі күнге созылған съездің алғашқы күні «Jas Otan cof» тақырыбындағы конференциямен басталды. Елдің әрбір өңірінен келген делегаттар пікірталас алаңында ашық әңгіме өрбітіп, толғандырған түйінді мәселелерді тарқатып, орамды ойларын ортаға салды. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің Конгресс-орталығында өткен жиында ел ертеңіне бей-жай қарамайтын жалынды жастар бас қосып, ауқымды мәселелерді талқылады. Съезд кезінде ұтымды ойлар мен өзекті пікірлер айтылды. Жастар белсенділік танытып, түрлі ұсыныстармен шықты. Креативті, заманауи, ел жастарының бағыт-бағдарын айқындаған нәтижелі Съезде Президент құттықтауын жолдаса, партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімов тұщымды ойын жеткізіп, рухты сөздерімен жастарға жалын сыйлады.
Айта кетейік, биылғы Съездің басты ерекшеліктерінің бірі – алғаш рет VR, яғни виртуалды шынайылық форматында онлайн режімде көрсетілді. Соның нәтижесінде форум жұмысын қазақстандық жастар ғана емес, әлемнің барлық интернет қолданушысы 360 градуста көруге мүмкіндік алды. Мұның өзі өзге елде білім алып жүрген қазақстандық жастарға күш берді десек болады.
Түйіндей айтқанда, жасампаз елдің жалынды жастары жаһандану дәуірінде ұлттық болмысты сақтауы тиіс. Ол үшін өн бойында патриоттық сезім, елге деген сүйіспеншілік болғаны абзал. Себебі, жастарға деген сенім артылып отыр. Біз екі күнге созылған съезді осыны ұқтық. Ең бастысы, ел игілігі жолында жауапкершілікті сезіне отырып, құжаттағы жастар саясатына тың серпін беретін игі бастамалар мен жасотандықтардың ұйымның дамуы және еліміздегі жаңғыру үдерістеріндегі стратегиялық міндеттерді абыройлы атқара алсақ болғаны. Сонда ғана «Мәңгілік Елге» жету жолында жаңылмайтын боламыз...
Нариман ЖАХУДАЕВ,
«Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық
филиалы төрағасының бірінші орынбасары кеңесшісі.
07 сәуір 2018 ж. 1 462 0