Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » "Көліктегі қауіпсіздік” акциясы өтті

"Көліктегі қауіпсіздік” акциясы өтті




Темір тұлпарды тізгіндеген тұрғындар ең алдымен қауіпсіздік мәселесіне баса мән бергені абзал. Өйткені елдегі жол ережесін өрескел бұзғандардың қандай қайғылы жағдайға соқтығып жатқанын көзіміз көріп жүр. Сондықтан 20-24 ақпан аралығында Жаңақорған ЖПБнің қызмет көрсету учаскесінде «Көліктегі қауіпсіздік» акциясы өткізілді.
Профилактикалық іс-шара барысында Жаңақорған ауданындағы барлық мектептерде «Темір жол – аса қауіпті аймақ», «Темір жолда сақ бол, балақай» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осы мәселеге байланысты арнайы бейнероликтер көрсетіліп, кең ауқымда шаралар өткізілді. Аудан орталығындағы Лед экранынан «Көліктегі қауіпсіздік» акциясының видеоролигі көрсетілді. Акцияның мақсаты – көліктегі қауіпсіздік шарасын түсіндіріп, оқыс оқиғалардың алдын алу. Бұл шара әлі жалғасын табатын болады, ең бастысы, тұрғындар саулығы маңызды. Ғалым Аблаев, Жаңақорған станциясы желілік полиция бөлімі бастығы.
27 ақпан 2023 ж. 691 0