Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 535

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Темір жол – қауіптілігі жоғары аймақ

Темір жол – қауіптілігі жоғары аймақ


Ағымдағы жылғы 17-25 мамыр аралы­ғында Көліктегі Полиция Департаменті­нің нұсқауына сәйкес барлық қызмет атқару аумағында, Жаңақорған станциясының қызмет көрсету учаскесінде “Тоқтаңыз! Басып кету қауіпі бар!” атты акциясы өткізілуде.
“Тоқтаңыз! Басып кету қауіпі бар!” атты акциясының негізгі мақсаты Депар­таменттің қызмет көрсету учаскесінде поездардың адам басып кету фактілерінің алдын алу, сондай-ақ балалардың темір­жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережеле­рін ескерту болып табылады.
Жаңақорған кенті тұрғындарына және мектеп оқушыларына теміржол қауіптілігі жоғары аймақ екендігі жөнінде қаншама рет ескертулер айтылуда.
Алайда темір жол ережелерін сақтамау салдарынан қатерлі оқиғалар орын алуы мүмкін. Қазіргі таңда темір жол бойында орналасқан кент тұрғындары аспалы көпірді пайдаланбай жолды қысқарту мақсатында темір жол бойының белгіленбеген жерінен өтіп, өз өмірі мен денсаулықтарына қауіп төндіруде.
Ғ.АБЛАЕВ,
Жаңақорған ст.ЖПб бастығы, полиция майоры
22 мамыр 2022 ж. 540 0