№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көлік өрті көбеймесін десек...

Көлік өрті көбеймесін десек...


Көлікте қауіпсіздік ережесін сақтаудың маңызы зор. Өйткені статистика соңғы жылдары көлік өртінің көбейіп кеткенін байқатып отыр. Ал алда жалда рөлде келе жатқаныңызда көлігіңізде өрт шықса, көліктен бұрын өзіңізді құтқаруға тырысатыныңыз анық. Сондықтан қауіпсіздік ережесін сақтау маңызды.


Автокөліктегі өрттің негізгі себебі көліктің техникалық ақауынан және қозғалтқыш бөлігінің тоқ сымдарының қысқаша тұйықталуынан болады. Сол себепті автокөлік жүргізушулеріне көліктегі тоқ сымдарына назар аудару маңызды екенін ескерген жөн. Көліктегі өртті болдырмауға және қауіптің орын алуын төмендетуге болады. Ол үшін жүргізушілер автокөлікті уақытында техникалық тексеруден өткізіп және техикалық жай-күйіне бақылап отыруы қажет.
Ең алдымен әрбір көлікте жарамды өрт сөндіргіш болғаны абзал. Өрт сөндіргіш қажет болған жағдайда оны барынша тез және қысқа мерзімде өрт ошағын сөндіруге кірісу үшін оңай қол жетімді жерде болғанын қадағалаңыз. Яғни өрт сөндіргіш міндетті түрде сенімді және мықты бекітілуі жөн. Сонымн қатар өрт сөндіргіштің жағдайын үнемі тексеріңіз. Онда майысқан және ісіну болмауын және баллон қызып кетпеуін, бүріккіш еркін қозғалуын, ал оның элементтері деформацияланбауы тиіс. Кез келген өрт сөндіргіштің жарамдылық мерзімі төрт жылдан аспайды, пломбаның сақталуын қадағалаңыз. Осы қарапайым шарттардың кез келгені бұзылса, құрылғыны ауыстыру үшін себеп болып табылады. Ең бастысы, өрт сөндіргіштің автокөлікте орналасуын ұмытпау әрі баллонды жүк салғышқа лақтырудың қажеті жоқ. Өрт сөндіргішті салонға бекітіңіз, алайда қауіп туындаған жағдайда оған оңай жету үшін тым алысқа қоймаңыз. Есіңізде болсын, өрт сөндіргішті пайдалану жөніндегі нұсқаулықты елемеуге болмайды. Төтенше жағдайға дейін бірнеше минут бөліп оқу және пайдалану ережелерін есте сақтаған абзал. Жану белгілері – түтін, жалын немесе біртүрлі иістер байқалса, автомобильді дереу тоқтатып, электр тізбегін сындырыңыз. Жолаушылар денсаулығына және өміріне зиян келтірмеу үшін көліктен кетуі тиіс.

Төтенше жағдайлар бөлімі
31 қаңтар 2023 ж. 249 0