Жол апаты құрбандарын еске алды
2005 жылдың 26 қазанында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының бастамасымен қарашаның үшінші жексенбісі Дүниежүзілік жол-көлік оқиғасының құрбандарын еске алу күні болып бекітілді. Осыған орай Қызылорда облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен қараша айының 12-18 күндері аралығында «Жол жүрісі қауіпсіздігі апталығы» кең ауқымды акциясы өтуде.
Бұл акцияның мақсаты – жол-көлік оқиғасында көз жұмғандарды еске алу және ауыр қазаға ұшыраған отбасылардың қайғысына ортақтасу, өзара сыйластық, жолда қауіпсіздік ережесін сақтау, жүргізушілердің мәдениетін арттыру тұрғысынан жол қозғалысы қатысушыларының санасын өзгертуде әлеуетті қоғамдық қолдау көрсету болып табылады.
«Жол жүрісі қауіпсіздігі апталығы» акциясы аясында жол-көлік оқиғасында зардап шеккен темір тұлпарлардың қалдықтарын тиеген автоэвакуаторлардан және қара түсті жеңіл автокөліктерден құралған автокеруені қаланың басты көшелерінен жүріп өтті. Автокеруен кезінде жол сақшылары дыбыс күшейткіш құралдары арқылы жол-көлік апатының құрбандары жайлы статистикалық мәліметтерді айтып, жолда жүру ережесін қатаң сақтауға шақырды. Шара соңында «Тағзым алаңында» Қозғалыстың жас инспекторлары жол-көлік апатының құрбандарын еске алу мақсатында ақ-қара шарларды аспанға ұшыру рәсімін өткізді.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі.