Бейнеттің наны тәтті
Бала кезімізден еңбекпен өсіп, еңбекпен жетілген біздерге ол құндылықтан қол үзу тәтті өмірдің қуанышын тәрк етумен бірдей. Менің замандастарымның барлығы осындай пейілде деп ойлаймын. Біз дүниедегі әрбір құбылысқа осылай баға береміз. Айналамызды да осылай тәрбиелейміз. Мен немерелеріме ең арғысы өзі жатқан төсегін өзі жинап кетуі керектігін айтамын. Жанұя мүшелеріне жеке дара еншілеп қойған тірлік жоқ. Отбасының шаруасына келгенде жанұядағылар бір-бірімен санаспай, өзінше тырбанып, тірлігін теңдей атқаруы керек. Бүгінде отбасының шаруасы жеңілдеген сайын қыз-келіншектер жағы да жалқаулана түскен тәрізді. Үйдің шаруасын автоматты атқаратын «ақылды роботтарға» арқа сүйеу белең алып барады. Апырау, ең арғысы балаға балдай тәтті тамағын өз қолымен істеуге мойны жар бермейтін нәзік жандылар оған сарп еткен уақытын одан артық, одан асыл қандай тірлікке жұмсамақ? Дәмді ас, тәтті тағамды ұсыну арқылы біле білсе сол әйелдер ерінің жүрегіне төте жол тауып, сүйіспеншілігі де тереңдей түспей ме? Ауыл халқы иманнан қол үзген жоқ. Дәстүрге сай отбасылық шараларға дін өкілдері арнайы шақырылып, жастарымыз солардың ақыл-кеңестерін тыңдаудан кенде қалып жатқан жоқ. Сол дін өкілдерінің аузынан әйел ерінің киімін жуу арқылы, баласына жейде тоқып, кигізу арқылы қаншалықты көп сауап алатынын естіп білсе күні кір жуатын машинаға қараған қанша қызкеліншек тырнағын тістер еді. Кісіге өз тірлігін өзі атқарғаннан асқан тамаша тірлік жоқ. Бейнеттің наны тәтті. Менің ұстанымым да, шариятым да осы. Өткенде аудандық Мәдениет сарайында «Отбасы-тәрбие бесігі» атты облыстан келген арнайы сала өкілдерінің қатысуымен үлкен шара өтті. Түйген ойым – әркім өз баласына ие болу керек. Кім болса да, қайда жүрсе де тәрбиені өз отбасынан бастасын. Байқаймын, апта сайын әкімнің қабылдауына жазылғандардың жартысын құрайтын әйел адамдардың талабы «үш балам бар, бес балам бар, бізді кім асырайды» дегенге саяды. Біз қайда бара жатырмыз? Анамыз отбасында он бір баланы өсіріпжетілдірді. Міндетімізді біреуге артқан жеріміз болды ма? Күнімен масақ теріп, малдың тезегінен қысқа тамызық жинап, түнімен диірмен тартсақ та тырс етіп сыртқа сыр білдірмей, жалғыз шешеміздің жанына жалау болып ер жеттік қой. Бүгінгі заманға тобамыз қайда? Бала тәрбиесі қолдан шығып барады. Бұл ретте мектептер тізгінге ие болуы керек. Дінтану сабағының өспірім өнегесіне ықпалын орнына келтіру керек. Арнайы пән болмағанның өзінде тәрбиелік жоспарға дін өкілдерімен кездесу өткізіп, тағылымын алуды ендірсек артық емес. Бала имандылыққа тәрбиеленіп өсер еді. Үлкенге құрмет, кішіге ізет, кісі ақысын жемеу, біреудің алажібін аттамау сынды ислами қағидаларға құлағы қанық өскен болар еді деп санаймын. Үлкендерге құрмет көрсетуге тіпті кеңес кезеңінде көп көңіл бөлініп, сабақтан тыс уақытта қария кісілердің үйін аралап, отынын жарып, суын тасып беруге тәрбиеледі ғой бізді. Баланың бар жағдайын жасап, асты-үстіне түсуден бұрын қиындықты жеңе білуге тәрбиелеу – шынайы жанашырлықтың шыңы сол. Өз өмірімнен бір мысал келтірейін. Ташкенттегі Ортазия институтында білім алып жүрген кезім. Төртінші курстың жазғы сессиясы. Соңғы емтиханды тапсырып жатырмын. Ең қатал пәннің кезегі. Старостамыз алдымен тәуір оқитындарды іріктеп ішке жіберіп тұр. Ішінде мен де кеттім. Жақсы жауап бердім.«Қайдан келдің?» деді ағайымыз. «Қазақстаннан. Қызылордаданмын» дедім мен. «Ә, балам, жақсы. Сен оқуды бітірген соң мұнда қалмайтының белгілі. Сондықтан Қазақстаныңа қазірақ ауысқаның дұрыс. Солай істей ғой. Зачеткаңды былғамай-ақ қояйын» деді де баға қоймай қолыма ұстатты. Қарсыласа алмадым. Үндемей тұрып шығып кеттім. Старостам жайымды сұрап білген соң басын шайқады, «ә, осындай бізде, көпшілігі миллатшыл, не істейсің енді Алшынбай, стипендияң күйіп кететін болды ғой» деді. Деканатқа жағдайымды білдіргенмен ұлтшылдығы жойқын бұл адамға жоғарыдағылардың да тісі бата алмайтыны белгілі болды. Бірақ сынақты басқа мұғалімге қайта тапсырып, шәкіртақыға ілінетін болып, каникулға ауылға қайтатын болдым. Бұл кезде жатақханадағылардың барлығы кетіп қалған, бір тиын ақшам қалмаған, тағылым Бейнеттің наны тәтті Ойлайсың, өз-өзіңе сұрақ қоясың. Жауап жоқ. Білмеймін. Білсем осындай күйге түсер ме едім? Кім біледі? Бұрынғылар. Осылайша өз-өзіммен сөйлескендей күй кешетінім бар. Ерте заманнан қазақтың қанына сіңген қасиетті ұғымдар бар. Соның бірі «ұят болады, обал болады» деген сынды тыйымдар ана сүтінен, әке тәрбиесінен ұрпақ бойына сіңген. Сол ұғымдарды ұмыта бастағандаймыз. «Ұлт құндылығының кеміп бара жатқаны осындай ақыл-қасиеттерді жоғалтудан туындап жатқан сияқты» дейді Сәбит Дөнентаев. Өмірде ешнәрсе негізсіз болмайды. Елдіктің де, халықтың да өзіндік негізі бар. Кез келген елдің негізі сол ұлттың дәстүр-салты. Ұлттық дәстүр дегеніміз сол ұлттың қалыптасу жолындағы бүкіл тәлім- тәжірибесі, сан ғасырлар тірнектеп жинап, електен өткізіп жеткізген өмір ережесі. Қатаң қағидалар қорытып, уақыт өзі бекітіп берген Конституциясы. Ата-бабамыздың жұрт қатарлы ел болсын деп бізге қалдырған асыл мұрасы. Алтын қазынасы. Қазынасынан айрылған бұрын кім болғанына қарамастан қайыршыға айналатыны бұл да шындық. Еңбексіз табылған, қиянатпен келген, ұрлық-зорықпен табылған нан да, ақша да, мал да, барлығы һарам. Оны жеуге де, пайдалануға да болмайды. Амал не, біз осы аралықта ар-ұятты аттап, нысапсыздықтың жолына түсіп кеттік. Біздің өзіндік бағытымыз болуы шарт. Қандай жағдайда да дәстүрден айрылған халық елдігінен айрылады. Бөтеннің айтқанына көніп, айдауына жүретін болады. Ал халықтық дәстүрінен айрылмаған ел тамырынан ажырамаған өсімдік тәрізді, қайта көктеп жетіліп кете береді. Қысқасы, күретамырымыз – халықтық дәстүрімізге берік болған елдің еңсесі биік болмақ. Біз әдетте жан-жағымыздан анталаған жаңалықты қабылдауға әуеспіз. Ұлы ғалымдар жаңалыққа ықтият болу керектігін айтады. Әрбір жаңалық ескі құндылықты ұмыттырады. Сөйте-сөйте бір күні ол бізге қажет пе деген сұрақ туындайды. Біздің балалық шағымыз соғыс кезімен тұспа-тұс келді. Біздің көрген қиыншылығымызды немерелер көрмесін. Бірақ біздер осыншама ауыртпашылықтарды бастан кешсек те бір-бірімізге деген бауырлық пыйғылымызға сызат түспепті. Ауыр сәттерде көп аяулымыздан айрылдық. Бірақ сағымыз сынбады. Алғы күндерге үміт артқан аға ұрпақтың аманатына адал болдық. Әрбір жарық күннің қадірін бағалай білдік. Сөйтсек, жазушы Әбіш Кекілбаев айтқандай, «Адамзат баласының дамуына соғыстан да қауіпті нәрсе бар екен. Ол бүгінгі күннің қызығымен жүріп ертеңгі күнді ойламау» деп түйінделіп отырған бүгінгі құнты-пейіліміз. Мен өмірімнің көп бөлігін мұғалім болып өткізген адаммын. Бес балам бар. Бесеуінің де ата-ана алдындағы міндеттері бар. Әке ретінде әрбіріне қояп талабым, олардың әрбірі әке талабы маған жүктелді, ол менің әкем, аманаты менің мойнымда деген жеке жауапкершілікте болуы керек. Отбасындағы ата-ана мен перзент арасындағы қарым-қатынасқа көлеңке түспеуіне барлығымыз да жауаптымыз. Тәрбие бесіктен басталады деп жатады. Мен айтар едім, тәрбие екі жас қосылмай тұрып басталуы керек. Әрбір жігіт өзіне болашақ жар таңдағанда осы жан менің ұрпағымды одан әрі келісті жалғай ала ма деген мақсаткерлікте болуы керек. Әбузайыр ӘБЖАППАРОВ Киіз үйдің ішіндегі қоңыр тәрбиенің құдірет неде? Немере өмір бойы осы ата-анадан алған тәрбиесін көрді. Адам өзінің шын ықыласымен үлгілі үрдісті бойына сіңіруінің нәтижесі бұл. Өйткені үрдісті ешкім мәжбүрлемейді, заңмен тыйым салмайды. Ол нәресте өмірге келіп, көзін ашқаннан көрген тәрбие қазығы арқылы қанына сііңіп, бойына тарайды. Қазақтың ата заңына сөзсіз бағынып, балталасаң да шағылмайтын шынайы тәртіп солай қалыптасады. Осыны біз қазір ескермей жүрміз. Осылайша салт-дәстүр әр босағадан берік орнын таба алмаған соң біртебірте санадан да өшіп, саннан жоғалып барады. Енді не істеу керек? Мектеп және отбасы. Екеуі егіз ұғым. Бала отбасынан толыққанды тәрбие алып жүр деп айта алмаймын. Бүгінгідей материалдық құндылықьар алға озған заманда жас отбасылар бала тәрбиесіне жете мән беріп жүрген жоқ. Ал мектептер пәнге басым мән беріп кетті. Тәрбие жағы ақсаңқырап қалғандай. Кешегі кеңес заманының азаматтары «оқы, оқы» деген талаппен ер жеттік. Дегенмен бір қуатты күш барын отбасында ата-ана санамызға сіңірді. Бұл құдіреттің бәрінен биік тұрғанын, жалпыадамзатқа ортақ бақыттылықтың, ізгіліктің, мақсатқа жетудің адаспас жолы екенін көбіміз кейін мойындадық. Біз неге осы тәрбиенің арқауынан ұстамаймыз? Оған не кедергі? Мемлекет осыны пайдаланса, ұтар еді. Ислам діні деген тек қана намаз оқу, ораза тұту, тақуа болумен өлшендейді. Ислам дінінде «Ислам ақлағы» деген бөлім бар. Бұл ғылым. Психология деген мінез-құлық дегенді білдіреді. Ахлақтың арапшадан аудармасы, ол да мінезқұлық. Тәрбие мінез-құлықты сіңіруден басталады. Несіне жасырамыз, қазір мектеп те, арнайы кәсіптік білім беретін оқу орындары да өз дәрежесінде білім бере алмай отыр. Тақтайдай тәрбие болса кәмелетке толмағандар арасында суицид, ерте жүктілік, түрлі бұзақылық сынды теріс қылықтар бой көрсетер ме еді? Біз енді есебін тауып, осы қағидаларды кіргізуіміз керек. Сталин заманында тәрбие құралы ретінде классикалық әдебиетті пайдалану арқылы тәрбиеде қандай жасампаздыққа қол жетті? Білесіздер ғой, пулеметтің оғын жалаңтөс кеудесімен жабатын патриоттар шыққан. Мемлекет бүгінгі күні осыған назар аударуы керек. Идеологияның мықты тіреуі ретінде имани тәрбиенің тізгінін қолға алар кез жетті деп ойлаймын. Исламнан қорықпау керек. Қайта оның мықты қорғанымыз ретінде бала тәрбиелейтін құрал екенін мойындау керек. Одан мұғалім де, атаана да жетік хабардар болу керек. Жасым жетпістің бесеуінде. Өз басымнан мысал келтірер болсам, жас кезімде айналамдағылар қалай болса мен де солай болдым. Қалай ислам жолына түстім, солай жүз пайыз өзгердім. Менімен бірдей менің жанымдағылар да өзгерді. Келешек тәрбиесі туралы келелі басқосуда тиісті сала өкілдері тарапынан бір ауыз ислами тәрбие бағытында әңгіме айтылмауы кемшілігіміз деп есептеймін. Жаратылыстың әрбір заңдылығын ақиқат тұрғысынан түсіндіретін ақиқи ғылымның етегіне жабысып, есімізді жиып, елдігімізді нықтайтын шақ келді. Әбибулла Шерімбетов Елең-алаңнан есіктің алдына шығып, шаруашылығымды жайғап жүрген үстімнен келген бір көршім сізге осынша бейнеттің не керегі бар? Сізде бәрі жетіп тұр. Енді барды шашып, шалқып жүрмейсіз бе дегенді емеурінмен білдіріп, біраз жанашыр ақыл-кеңесімен бөлісті. Сонда менің түсінбегенім, дені сау адам дымсызәрекетсіз неге жатуы керек. Кісі баласы шамасының жетіп тұрғанынша қимыл-қозғалыстан қалмай, күнбе-күн жаны сүйген тірлігіне маңдай терін төгіп, нәтижесіне көңілі семірсе өмірдің мәні сол емес пе? қарыз сұрайтын ешкім жоқ, қайыр сұрайсың ба? Лаж жоқ, Ташкенттің құл базарына бардым. Салмағым 48 кило ғана әлжуаз баламын, ешкімнің көзге ілетін түрі жоқ. Бір кезде басы жалтыраған тығыршықтай өзбек «Балам, там сылаймыз» деді. Болады дедім. Бес сом беретін болды. Кеттік. Лайды араластырып беріп тұрдым. Обед болған кезде алақанымның терісі күлдіреп түсіп қалыпты. Қып-қызыл қан шығып тұр. Үш сом беріп қайтара салса деп тұрмын. Кемпірі палау істеген екен, екеуміз жеп тойып алған соң қайтадан кетпенді қолға ұстадым. Қолымды шүберекпен таңып алдым. Кешкі бестің кезінде лай таусылды. Бес сом берді. Кетейін деп тұр едім, әйеліне «балаға бір кесе палау салып бер» деді. Сөйтіп, екі сом сексен тиынға пойызға билет алып үйге келдім. Каникулда үйде жүрмін. Төрт-бес күннен соң дастархан басында анам алақанымның ойылғанын байқап қалып «мынау не?» деп сұрады. Ауылға қайтар кезде ақша болмай өзбекке жалданып жұмыс істегенімді анама айтуыма тура келді. «Әкесі болса өстіп қиналар ма еді, – деді ме екен, сыр бермейін десе де анам отырған орнында жылап қалды. Сол кезде жүрегім қақ тілінгендей, қайран анамды қалай жұбатарымды білмей, «Осыдан адам болып, диплом алып, ақша тапсам анамды риза етер едім» деп өз-өзіме іштей серт бердім. Сол талабым мені тайдырмады. Оқуды жақсы оқып бітірдім, әскерге кеттім, мамандығым бойынша әскери құрылыста командир болдым, 280 сом айлығымның 200-ін анама жіберіп тұрдым. Елтаңбаның авторы Жандарбектің де осындай жағдаймен өзбекке жалданып жұмыс істегенін мен білемін. Құдай сертіме жеткізді. Анам Әсемкүл нағыз бейнеттің адамы еді. Сексен бес жас ғұмыр сүріп, өзінің тілеуі – оразаның күнінде өмірден озды. Кетерінде мені шақырып. «Түс көрдім. Әдемі бақша көрдім. О дүниенің бақшасы. Ризамын. Бақтың, қақтың» деп соңғы сөзін айтып, аманатын жеткізді. Өмір мектебі деген осы.
Алшынбай ТҰРТАНОВ