№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ішкі сауда объектілерінде жүзеге асырылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар

Ішкі сауда объектілерінде жүзеге асырылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар


Қазіргі таңда қоғамдағы күн тәртібінен түспейтінөзекті мәселелерінің бірі – тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі екені баршамызға белгілі.
Осыған байланысты, ішкі сауда нысандарында сатуға әкелінген жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарында ветеринариялық ілеспе құжаттары болуы және де сату нүктелеріне түскен ет ұшалары мал сою алаңдарында сойылып, ет ұшасына алдын ала қарап тексеруден кейін мөрі қойылған және мал сою алаңына бекітілген ветеринар врачтың мөрімен расталғанарнайы бланкіде дайындалған ветеринариялық анықтама және арнаулы автокөлікпен тасымалданып ішкі сауда объектілеріне әкелінуі тиіс.
Ішкі сауда объектілеріне (жылы, суыған, салқындатылған, тоңазытылған) барлық мал түлігінің етімен қосымша өнімдеріне, үй құс етіне, шикі, шикілей, ысталған және пісірілген күйдегі ет өнімдеріне, сүт және сүт өнімдеріне, балық және балық өнімдеріне, кез келген күйдегі майларға міндетті түрде ветеинариялық-санитариялық сараптама жүргізіледі.
Ветеринариялық-санитариялық сараптама жұмыстарын ішкі сауда нысандарына қызмет көрсететін арнайы лицензиясы бар (мемлекеттік, жеке түрдегі) ветеринариялық зертхана мамандары жүргізеді және ет өнімдеріне сараптамадан өткеннен кейін мөр таңба басады. Барлық сараптамадан өткен өнімдерге сараптама актісі беріледі. Ішкі сауда объектілерінде жануарлардан алынатын өнімдерді тек ветеринариялық зертханаларда сараптама актісі берілгеннен кейін ғана сатуға рұқсат етіледі.
Ет және ет өнімдерін, жеке аулада сойылған жануарлардың ет ұшаларын ішкі сауда нысандарына шығрып сатуға қатаң түрде тиым салынған. Арнайы ветеринариялық ілеспе құжаты болмаған жағдайда ет пен ет өнімдері күмәнді деп танылады және барлығы жойылуға жатады.
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясы тарапынан  ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ішкі сауда объектілеріне өткізуге шағарылатын ветеринариялық санитариялық бақылаудағы өнімдердің ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және балық өнімдері т.б ветеринариялық ілеспе құжаттарымен сатылуына түсіндірме жұмыстарынжүргізіп, күнделікті бақылауда.

Д. Айдаров,
ҚР АШМ ВБжҚК-нің Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы 
28 қыркүйек 2022 ж. 1 037 0