№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ішкі сауда объектілеріне қойылатын талаптарды білесіз бе?

Ішкі сауда объектілеріне қойылатын талаптарды білесіз бе?

Халқымыз « Ас- адамның арқауы» деп, қашаннан тамақтануға ерекше мән берген. Адамның тамақтану рационында ет пен ет өнімдері , сүт пен сүт өнімдері алғашқы орындардың бірінде тұрады. Дастарханымызға келіп түскен осы өнімдердің денсаулығымызға ешбір зиянсыз, сапалы болуын бәріміз қалаймыз.
Осы орайда халықтың азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жолында ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханаларының алатын орны ерекше.
Ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасы — бұл базарларда және тағы басқа сауда орындарында өткізілетін жануарлардан алынатын өнімдерге ветеринариялық -санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын тұлға немесе заңды тұлғаның мамандандырылған бөлімшесі. Тексерілуге,сатуға келген ет және ет өнімдері,сүт немесе сүт өнімдері т.б жануарлардан алынатын мал өнімдері арнайы (ветеринариялық паспорт, малдың егіліп, емделгенін растайтын құжат ветеринариялық анықтама т.б) ілеспе құжатпен бірге келуі керек.
Сондықтан әрбір мал өсіруші жеке және заңды тұлғалар ветеринариялық- санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жыл сайын жануарларына уақытылы вакцина еккізуге және жұқпалы ауруларға диагностикалық зерттеу жасауға міндетті.
Мал өсірушілер тарапыннан жануарларды жергілікті мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторы мен дәрігеріне хабарламай және малдың сау екендігін растайтын құжатсыз (ветеринариялық сертификат, ветеринариялық анықтама) тасымалдауға болмайды. Басқа елді мекеннен ветеринариялық құжатсыз мал әкелінген жағдайда, мал арқылы жұқпалы аурулардың таралуы мүмкін, осындай заң бұзушылық анықталған жағдайда мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы тарапынан әкімшілік шара қолданып, әкелінген малды жұқпалы ауруларға зерттеп, аса қауіпті ауруларға қарсы егу үшін карантинге қойылады.
Сондай-ақ, ішкі сауда орындарынан сатып алынатын ет, сүт, балық және оның өнімдерінің қауіпсіздігін білу мақсатында ветеринариялық- санитариялық сараптама зертханасы – жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты ветеринариялық нормативтерге сәйкес келетін, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешені арқылы анықтап, ережеге сәйкес сатуға рұхсат құжатын береді.
Сондықтан әрбір тұтынушы сатушыдан өнімнің пайдалануға жарамдылығын растайтын ветеринариялық құжатты көрсетуді талап етуге құқылы екендігін естен шығармағаны абзал.
Аулаларда немесе арнайы сату орны белгіленбеген жерлерде ет,сүт, балық және балық өнімін сатып алуға болмайды. Осындай жерлерге ветеринарлық құжатсыз әкелінген жануарлардан алынатын өнімдерді пайдалану арқылы тұтынушылар түрлі жұқпалы ауруларды (бруцеллез, туберкулез, трихинеллез, описторхоз т.б) жұқтырып алулары мүмкін. Әсіресе, қой-ешкі малының бруцеллезі адам ағзасына өте қатерлі.
Осыған байланысты, әрбір өнім тұтынушы өз денсаулығына бей берекет қарамай,сатуға рұқсат құжаты бар орындардан алынған өнім абзалырақ болар.

Қанат МҰСАЕВ,
ҚР АШМ ВБжҚК-нің
Жаңақорған аудандық
аумақтық инспекциясының
бас маманы 
23 сәуір 2021 ж. 2 087 0